«Оқуға құштар мектеп» жобасының 3-кезеңі Қаз дауысты Қазыбек би » КГУ 'Средняя школа №26 с дошкольным мини-центром в Еркинском сельском округе'
«Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» ММ
«Еркін ауылдық округіндегі мектепке дейінгі шағын орталығы бар №26 орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282)41-11-85
Есепші бөлімі:
+7(7282)25-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Оқуға құштар мектеп» жобасының 3-кезеңі Қаз дауысты Қазыбек би
03
март
2022

«Оқуға құштар мектеп» жобасының 3-кезеңі Қаз дауысты Қазыбек би

Мектебімізде «Оқуға құштар мектеп» жобасының 3-кезеңі өткізілді. Күрделі мәселeлерді тереңдете дәл жеткізетін ой шалымы кең, қысқа қайырымды шешен сөз-нақыл сөздер. Нақыл сөздерде қанша мәдениет, қанша тәлім-тәрбие жатыр десеңізші. Оқушылардың бойынша жақсы қасиеттерді дамытып, тәлім-тәрбиемен сусындатып, әдебиетке деген сүйіспеншіліктерін одан әрі тереңдету үшін Қаз дауысты Қазыбек бидің шығармашылығы таңдалып алынды. Қазақтың тұтас бір елдігін көксеп, жарғақ құлағы жастыққа тимей, өле-өлгенше ұзақ та нәтижелі өмір кешкен аты шулы шешен биіміз Қаз дауысты Қазыбекдің биыл 355-жылдық мерейтойы. Жоңғар басқыншылығына қарсы халық күресін ұйымдастырушылардың бірі болған, елдің азаттық алуы жолында аянбай тер төккен көрнекті шешен, ақылды би болған Қазыбек бидің шығармашылығымен оқушылар тереңдете танысу үшін жоспарға сәйкес іс-шаралардың тізімі мен уақыты белгіленіп, көптеген жұмыстар жүргізілді. Қорытындысы наурыз айының 02.03-03.03 уақыт аралығында өткізілді.
Осы орайда қорытындылай келе, білімді ұрпақ ,егеменді елдің берік тірегі. Тәуелсіз елімізді өркениетті әлемге танытатын, дамыған елдер қатарында терезесін тең ететін күш - білім және білімді ұрпақ. Білімді ұрпақтың шамының жарқырай түсуі үшін кітаптың жинақталар жері кітапхананың қашанда тұғыры биік болуы тиіс. Кітап – біздің рухани құндылығымыз, теңдесі жоқ байлығымыз. Әр оқушының бойынша, әр ата-ананың бойында елімізге деген патриотизмді, көркем әдебиетке деген сүйіспеншілікті, барлық ғылымды, білімді тек кітап арқылы бере аламыз. Сондықтан әр оқушыны «Оқуға құштар мектеп» жобасына жұмылдырып, кітапқа деген қызығушылықтарын ояту біздің мектебіміздің басты мақсаты.