Мектеп жанындағы лагерь » КГУ 'Средняя школа №26 с дошкольным мини-центром в Еркинском сельском округе'
«Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» ММ
«Еркін ауылдық округіндегі мектепке дейінгі шағын орталығы бар №26 орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282)41-11-85
Есепші бөлімі:
+7(7282)25-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
июль
2018

Мектеп жанындағы лагерь

«Еркін ауылдық округіндегі мектепке дейінгі шағын орталығы бар
№ 26 орта мектеп» КММ жанындағы «Балауса» жазғы демалыс лагерінің жұмысы туралы ақпарат
Жазғы демалыс – балалар үшін ерекше қуанышты сәт.Оқушылардың жазғы демалысын тиімді де пайдалы,әрі қызықты өткізу үшін мектеп жанындағы күндізгі демалыс лагерін ұйымдастыру – жыл сайынғы дәстүрлі шара.
2017-2018 оқу жылында мектеп жанындағы «Балауса» жазғы демалыс лагерінде 2 кезең,1 ойын алаңын ұйымдастыру жоспарланған. І кезең – 18.06.- 05.07.18 аралығында өткізілді,ІІ кезең – 02.07.-13.07.18. аралығында өтуде,ойын алаңын 01.08.- 14.08.18 аралығында өткізу жоспарлануда.
Лагердің І кезеңінде 26 оқушы демалды, оның 10-ы аз қамтылған отбасынан ЖББ бойынша тегін демалды.ІІ кезеңде 20 оқушы,оның 13-і аз қамтылған отбасынан,демалуда.Лагерь жұмысы үшін 2 ойын бөлмесі,1 мультимедиялық кабинет,3 жатын бөлме,спортзал мен акт залдары дайындалды.Мектеп асханасымен келісімге отырып, күніне 4 рет тамақтандыру ұйымдастырылды.

Лагерь жұмысы барысында балалардың жақсы,көңілді әрі пайдалы демалуы үшін әр түрлі қызықты шаралар өткізілді.Іс-шаралар келесі бағыттарды басты мақсат ете отырып ұйымдастырылды.
-азаматтық-патриоттық ,ұлттық тәрбие;
-салауатты өмір салтына баулу;
-эстетикалық тәрбие;
-коммуникативтік білік.
Мақсаты: Оқушылардың жаз мезгіліндегі демалысын тиімді әрі мағыналы өткізуін ұйымдастыру.
Міндеттері:
- лагерде демалушы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- салауатты өмір сүру салтына бағыттайтын ертеңгілік дене жаттығуларын,қимыл-қозғалыс ойындарын және спорттық шараларды өткізу;
- отансүйгіштік,ұлттық тәрбиені,рухани-мәдени білімдерін жетілдіру мақсатында шығармашылық көрмелер,байқаулар,ертеңгіліктер ,ұлттық ойындар ұйымдастыру.
Лагерь жұмысы кезінде «Тілдер үйірмесі» жұмыс істеді,аптасына 2 рет ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Н.Б.Тулеуханова мен орыс тілі пәнінің мұғалімі М.С.Утегенова ойын түрінде,драмалау түрінде тіл үйрену сабақтарын жүргізді.

Музыка пәнінің мұғалімі Г.Ч.Болдыбаеваның жетекшілігімен «Кел,ән шырқайық!»,«Кел,билейік!» шаралары мен «Лагерь даусы» байқауы ұйымдастырылды.Лагерь тәрбиешілері қарым-қатынас мәдениеті,дұрыс тамақтану,жолдағы қауіпсіздік,т.б. тәрбиелік әңгімелермен бірге түрлі жарыстар мен ертеңгіліктер ұйымдастырды.«Көңілді жарыстар»,«Шебер қолдар»,«Қазына іздеушілер»,«Нептун патшалығына саяхат»,ұлттық ойындар балалар балалар үшін өте қызықты болды.

Демалушы балалар үшін қаланың көрікті жерлеріне,демалыс саябағына,Қаратал жағалауындағы ойын алаңына,табиғат аясына саяхаттар ұйымдастырылды.




Астананың 20 жылдық мерекесіне орай «Астана – арман қала» тақырыбында бірнеше іс-шаралар ұйымдастырылды.Кішкентай суретшілер өз тілектерін суретпен бейнелеп,көрме жасалынды.Балаларға Астана туралы фильм көрсетіліп, слайд арқылы көрікті жерлерімен таныстырылды,соңынан өнерлі оқушылардың концертін тамашалады,шағын би кеші ұйымдастырылды.Осы тақырыппен асфальқа сурет салудан байқау ұйымдастырылды.Лагерде демалушы балалар мереке күні «Жастар» саябағындағы асфальтқа сурет салу конкурсына да белсене қатысты.


Балалардың бос уақыттарында мультфильмдер көрсетіліп,қимылды ойындар ұйымдастырылды.



Тәрбиешілер мен демалушы балалардың белсенді,ұйымшыл жұмыстарының нәтижесінде лагердің мақсаты,міндеттері толық орындалды,барлық тәрбиелік іс-шаралар жоспарға сай өткізілді.Тәрбиешілердің сапалы жұмысының арқасында лагерде жайлы,достық қарым-қатынас орнап,балалар өзара достасып үлгерді.Тәрбиешілер балалардың жақсы демалып,лагерь күндерінің естен кетпес естеліктерге толы болуына барлық жағдайларды жасады.
Лагерде демалушы балалар келесі жылғы лагерді асыға күтетіндерін айтып,қимастықпен қоштасты.
Нәтижесі:
1.Мектеп жанындағы «Балауса-18» жазғы демалыс лагерінің жұмысы жоспар бойынша өткізіліп,өз деңгейіне жетті;
2.Демалушы балалар коммуникативтік дағдыларын жетілдіріп, ана тілдерімен қоса ағылшын,орыс тілдерінде дұрыс қарым-қатынас жасау дағдыларын меңгерді;
3.Рухани-мәдени біліктіліктері артып,салауатты өмір салтын ұстануға бағыт,бағдар алды,шығармашылықпен айналысты.


Лагерь басшысы А.К.Кашаганова
Тәрбиешілер С.А.Асанова, Г.Б.Ахметова,А.Х.Джилкибаева,Е.Т.Чыныбаева,
А.Б.Артықбаева, Ж.Ж.Ибрагимова,А.М.Узакбаева

Похожие публикации:

13 ноябрь 2017 Түйіндеме
07 ноябрь 2017 Мектеп тарихы