Оқушылар жетістіктері » КГУ 'Средняя школа №26 с дошкольным мини-центром в Еркинском сельском округе'
«Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» ММ
«Еркін ауылдық округіндегі мектепке дейінгі шағын орталығы бар №26 орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282)41-11-85
Есепші бөлімі:
+7(7282)25-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
WORLDSKILLS JUNIORS ZHETYSU-2024 чемпионаты
15
апрель
2024
WORLDSKILLS JUNIORS ZHETYSU-2024 чемпионаты
Жетісу облысы білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен WORLDSKILLS JUNIORS ZHETYSU-2024 чемпионатының "Графикалық дизайн" құзіреттілігі бойынша жүлделі 8-сынып оқушысы Ғалымбек Алишер 2-орынды иеленді. 11-сынып оқушысы Асқарұлы Аян және 8-сынып оқушысы Сатпаев Абдамир қатысқандары үшін дипломмен марапатталды. Жетекшісі: Бимурзаева Асем Габдилхамитовна  
"Қазақстан балалары шексіз әлемде!" балалар киносының облыстық фестивалі
15
март
2024
"Қазақстан балалары шексіз әлемде!" балалар киносының облыстық
Сабаз Бекзат және Ажарбаева Диана "Қазақстан балалары шексіз әлемде!" балалар киносының облыстық фестивалінде А.Касеновтың Алғыс хатына ие болды. ​https://www.instagram.com/reel/C4fqMLaC_CY/?utm_source=ig_web_copy_link​​​
Республикалық «Жарық жұлдыз» балалар өнер байқауының Бас жүлдегері
12
январь
2024
Республикалық «Жарық жұлдыз» балалар өнер байқауының Бас жүлдегері
Еркін ауылдық округі 26 орта мектебінің 5а сынып оқушысы Бегалы Раййан өзінің шығармашылық қабілетімен ерекше көзге түсіп желтоқсан айының 28 жұлдызында VIII республикалық «Жарық жұлдыз» балалар өнер байқауына қатысып жүлделі Бас жүлдені қанжығасына байлап қайтты. Біздің мектебіміздің мақтанышы кішкентай бүлдіршініміз бүгінгі таңда қосымша «MixaRT» шығармашылық орталығында сурет үйірмесіне де қатысып өзінің бос уақытын тиімді пайдаланып жүрген оқу озаты. Раййана сияқты шәкіртті тәрбиелеп
“Ұлттық мектеп лигасы” жобасының жүлдегерлері
04
декабрь
2023
“Ұлттық мектеп лигасы” жобасының жүлдегерлері
Ұлттық адами құндылықтарға негізделген “Біртұтас тәрбие бағдаламасы аясында” мектебімізде дүниежүзілік денсаулық күніне орай ; “Ұлттық мектеп лигасы” жобасын іске асыру, оқушылардың денсаулығы мен әл-ауқатын нығайтуда денешынықтыру пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 4-желтоқсан күні спорттық ойындардан мектеп оқушылары арасында жарыстар ұйымдастырылып өткізілді. @zhetysu_bilim @goronotald_ @goroo_tdk @zhetysu_bilim_baskarmasy
Жас жүлдегер!
29
ноябрь
2023
Жас жүлдегер!
“Ақтөбе үміттері” Республикалық турнирінен мектебіміздің 6б сынып оқушысы Болатбек Дінмұхаммед жүзуден жүлделі ІІІ-орынға ие болды. Биік шыңдарды бағындыра бер жас спортшы, қанжығаң молая берсін!!!
Жүлдегер қыздар тобы
25
ноябрь
2023
Жүлдегер қыздар тобы
Ауыл мектептері арасында өткен волейбол жарысынан, мектебіміздің орта буын қыздар тобы, жүлделі ІІІ-орынды иеленді! Жеңістерің құтты болсын қыздар!!!
“Парасатты азамат” номинациясының иегері Сабазов Бекзат 10а сынып оқушысы
17
ноябрь
2023
“Парасатты азамат” номинациясының иегері Сабазов Бекзат 10а сынып
26 орта мектеп оқушылары қалалық “Адал ұрпақ” еріктілер клубы жұмысын жандандыру мақсатында сайысқа қатысып “Парасатты азамат” номинациясы иегері болды. Сайыс мақсаты- жас ұрпақ бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен жауапкершілік, патриоттық сезім қалыптастыру. Оқушыларымыз сахналық көрініс, жергілікті тұрғындар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамаларды нығайту, үгіт насихат жүргізу шараларын паш етті. #Адалұрпақ @zhetysu_bilim @goronotald_ @goroo_tdk
Бас жүлде құтты болсын!!!
17
октябрь
2023
Бас жүлде құтты болсын!!!
Еркін ауылдық округіндегі 26 орта мектеп ұжымы, мектеп оқушылары мен мектебіміздің ғана емес, қала, облысымыздың мақтанышы дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, волейбол үйірмесінің жаттықтырушысы Карипбаев Мәди ағайды команда құрамымен Облыстық жарыста бас жүлдеге ие болып, Республикалық жарысқа жолдама алған марапаттарымен құттықтай отыра, үлкен құрмет қошеметпен қарсы алды. Болашақ ұрпақ үшін өнеге бола білген жеңісіңіз ұзағынан болсын дейміз! Бейне жазба "Жарайсыңдар чемпиондар!"  
Жеңімпаз жас ұландар!
11
октябрь
2023
Жеңімпаз жас ұландар!
Талдықорған қалалық Жас ұлан әскери патриоттық жарысында Еркін ауылдық округіндегі 26 мектеп оқушылары жеңімпаз атанып, жүлделі 2,3 орындарды қанжығаларына байлап қайтты.
"Бояулар құпиясы" байқауының Бас жүлде иегері
30
сентябрь
2023
"Бояулар құпиясы" байқауының Бас жүлде иегері
"Атамұра" респуликалық ғылыми-әдістемелік ораталығымен қыркүйек айында ұйымдастырылған "Бояулар құпиясы" байқауына қатысып Бас жүлдені иеленген мектебіміздің шығармашыл оқушыларының бірі Бакеева Балнұрды марапатымен құттықтаймыз!!!