"Соңғы қоңырау" үні » КГУ 'Средняя школа №26 с дошкольным мини-центром в Еркинском сельском округе'
«Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» ММ
«Еркін ауылдық округіндегі мектепке дейінгі шағын орталығы бар №26 орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282)41-11-85
Есепші бөлімі:
+7(7282)25-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
май
2021

"Соңғы қоңырау" үні

"Соңғы қоңырау" үні 2020-2021-ші оқу жылын аяқтап отырған түлектер үшін онлайн форматта соғылғаны дәстүрлі кездерді аңсатқаны белгілі. Бұл күндер де тарих беттерінде "баяғыда, болып еді, ондайды да көргенбіз"  деген естелік ретінде қалары анық, сондықтан бүгінгі "Жас түлек"  ұстаздарың Сендер үшін қолдарынан келгенін жасап, осы сәтті керемет әсерде қалдыру үшін, бар шеберліктерін салды десе де болады. Өмір жолының осындай күрделі, шырғалаңға толы екенін өздерің көріп отырсыңдар, сол қиындыққа мойымай төзе білу, жеңіске жеткізеді. Алдарыңда ҰБТ асуы тұр, бұл да бір сынақ қана, оған толқынға қарсы жүзе білген теңізшілердей төтеп беру бұл да ерлік, бірақ одан да қиын сынақтар барын, оған да шыдамдылық танытқан, күресе білген ғана жеңетініне сенімді болыңдар! Әр адам тұлға, сол қасиеттеріңді аша біліңдер, толқынмен алысқан кемедей жүзе біліңдер, әруақытта мектептегі күндеріңді, сыныптас достарыңды, ұстаздарыңды, ата-аналарыңды құрмет тұта біліңдер, сәт сапар, жолдарың ашық болсын!!! ҰБТ-да бар жоғы 140 балл,  ал сендердің мүмкіндіктерің одан да жоғары, тек сәттілік тілейміз!  Міне, бүгінгі "Соңғы қоңырауда"  осындай тілектер көп болды, іске сәт.