«Оқуға құштар мектеп» жобасының 2-кезеңі Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығы » КГУ 'Средняя школа №26 с дошкольным мини-центром в Еркинском сельском округе'
«Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» ММ
«Еркін ауылдық округіндегі мектепке дейінгі шағын орталығы бар №26 орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282)41-11-85
Есепші бөлімі:
+7(7282)25-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Оқуға құштар мектеп» жобасының 2-кезеңі Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығы
20
декабрь
2021

«Оқуға құштар мектеп» жобасының 2-кезеңі Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығы

«Оқуға құштар мектеп» жобасының 2-кезеңі 1-11 сынып оқушыларының арасында ІІ тоқсан бойы жүргізілді. Қазақтың ұлы ағартушысы Ахмет Байтұрсынов мұрасының қомақты біл бөлігі - публицистика. Ол алуан тақырыпқа мақалалар жазып, елдің санасын оятты. Қазақ тілімізге, әдебиетімізге сіңірген еңбегі аса зор. Сол себепті «Оқуға құштар мектеп» жобасының 2-кезеңінде Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығын оқушыларға тереңірек таныстыруға бел будық.  Алдыға төмендегі мақсаттар қойылып, 1-11 сынып оқушылары жұмылдырылды.
  • Алаштың ардақтысы Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармаларын оқып білуге баулу;
  • Оқылым, айтылым, жазылым, тыңдалым дағдыларын дамыту;
  • Оқушылардың мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру;
  • Оқушыларды сауатты, дұрыс, ұғынықты оқу және одан қажетті деректі ала білу дағдысын қалыптастыру.
Аталған оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін жоспарға сәйкес  іс-шаралар ұйымдастырылды:
«Оқуға құштар мектеп» жобасында басты көздеген мақсатымыз  оқушылардың  сөйлеу дағдысын дамыту. Оқушыларымыздың көзі ашық, көкірегі ояу, тілге шешен, өзін де, өзгені де сыйлай білетін, жан-жақты мәдениетті, тәрбиелі, білікті етіп тәрбиелеуде балаларға арналған көркем шығармаларды сахналық қойылымға айналдырып, өздерін кейіпкер ретінде қатынастырып отырудың маңызы орасан зор. Сол себепті 1-4 сынып оқушыларына Ахмет Байтұрсыновтың 15 мысалдарын оқытып, әр сыныптың таңдауы бойынша 1 мысалға «Ертегі тепариясы» арқылы сахналық қойылым көрсету жұмыстары жүргізілді. Оқылған әңгімелері бойынша сахналық қойылым көрсету барысында сөйлеу дағдылары, есте ұстау дағдылары қалыптасты.  Осы әдіс арқылы оқушылардың шығармашылық әлеуетін, қиялын, қиялын, сөйлеу қабілеттілігін дамытты. Барлығы 15 сыныптың ішінен 14 сынып сахналық қойылым қойды. 3в сынып оқушылары дайындаған оқушылардың денсаулықтарына байланысты кейінге қалдырылды. Барлық сынып оқушылары сахнада өнер көрсетіп төмендегі критерийлері бойынша бағаланды.