19
октябрь
2024
Жыл соңына дейін Жетісу облысында 4 жаңа мектеп іске қосылады
Биыл Жетісу облысында 2400 орынды 5 мектептің құрылысы жүргізілуде, соның ішінде Көксу, Ақсу, Алакөл, Панфилов аудандарындағы 4 мектептің құрылысы жыл соңына дейін аяқталады. Бұл туралы бүгін Талдықорғанда өткен педагогтердің тамыз кеңесінде Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев айтты.
Сондай-ақ, ұлттық жоба аясында облыста 4800 орынды тағы 5 мектеп салу жоспарланған.
Атап өтсек, 5 мектеп Алакөл ауданының Үшарал қаласында, Қаратал ауданы Үштөбе қаласында, Талдықорғанның 3 шағын ауданында тұрғызылады. Жалпы келесі жылы салынатын мектептердің саны - 6. Оған қоса былтыр материалдық-техникалық базаны нығайтуға 2,9 млрд. теңге бөлінген. Өткен оқу жылында жаңа модификациялық үлгідегі 45 пән кабинеттері сатып алынса, бүгінгі күні жоспарланған 78 кабинеттің 51-і орнатылды. Сол сияқты оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарын сатып алуға 1,6 млрд. теңге қарастырылды.
Атап өтсек, облыста білім сапасы 64,5% жетті.
Түлектердің ұлттық бірыңғай тестілеудегі облыс бойынша орташа балы - 84,4.