Мектеп тарихы » КГУ 'Средняя школа №26 с дошкольным мини-центром в Еркинском сельском округе'
«Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» ММ
«Еркін ауылдық округіндегі мектепке дейінгі шағын орталығы бар №26 орта мектеп»
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(7282)41-11-85
Бухгалтерия
+7(7282)25-11-37
Версия для
слабовидящих
06
август
2019

Мектеп тарихы

«Еркін ауылдық округіндегі мектепке дейінгі шағын орталығы бар №26 орта мектеп» отдела образования Шуского района 2015 жылы 1 қыркүйекте ашылды. Мектеп 300 оқушыға және шағын орталық 100 орынға арналған. Мектептің директоры – Курмашев Бекзат Жанатбекұлы. Мектепте қазіргі таңда 597 оқушы, шағын орталықта 125 тәрбиеленуші бар. 597 оқушының 105 озат, 260 екпінді. 2017 жылы мектеп алғашқы 47 түлектерін шығарды. ЕНТ көрсеткіші бойынша 2016-2017 оқу жылында 64,4 пайыз, 2017-2018 оқу жылында 82 пайыз. Білім сапасы 2016-2017 оқу жылында 49 пайыз, 2017-2018 оқу жылында 55 пайыз .2018-2019 оқу жылында 61,2 пайызды құрады. Мектепте жас мамандар саны 12-і. Педагогикалық ұжымда барлығы 59 мұғалім қызмет атқарады, оның ішінде жоғары санатта - 10 мұғалім,
І санатта – 16 мұғалім,
ІІ санатта 13- мұғалім.
Материалдық-техникалық жағдайы:
Оқу кабинеттері-20
Спорт зал-1
Мәжіліс залы-1
Асхана – 1 (198 орын)
Төрт жылға жетер тарихы бар мектептің шығармашыл ұстаздары мен талапкер шәкірттерінің жеткен жетістіктері де біршама.
2015 жыл - мектеп оқушылары қала, облыс, мектептері арасындағы спартакиадасынан осы күнге дейін жүлделі орындарға ие болып келеді.
2017 жыл - мектеп алғашқы 47 түлектерін шығарды.
2016 жыл - мектептен тұңғыш рет жас маман, информатика пәнінің мұғалімі Қабдархым Сая Сағатбекқызы облыстық жас мамандар байқауына қатысып ІІІ орын иегері атанды.
2017 жыл - мектептен тұңғыш рет 11 сынып оқушылар арасынан 1 алтын белгі мен 12 грант иегері шықты.
2018 жыл - қалалық «Лучший сынып жетекші - 2018» байқауының бас жүлде иегері орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ермуханбетова Айым Бағлановна.
2018 жыл – қалалық «Жыл мұғалімі - 2018» байқауының ІІІ орын иегері математика пәнінің мұғалімі Уркинбаева Гульназ Давлетхановна.
2018 жыл - Республикалық «Әлкей Хақанұлы Марғұлан» атындағы олимпиаданың І орын иегері қазақстан тарихы пәнінің мұғалімі Қошкарбаев Думан Тоханұлы.
2018 жыл – 2017-2018 оқу жылында екі «Алтын белгі» иегерлері Нұрмуханбетова Айнур, Сағымбаева Жанат және 13 грант иегері шықты.
2018 жыл – Халықаралық Азияда ойының жеңіл атлетикадан ІІ орын иегері 10-сынып оқушысы Керимова Мадина.
2018 жыл - Республикалық «Мағжан оқулары-2018» байқауының жеңімпазы 10-сынып оқушысы Қожахметова Жұлдыз ІІІ орын иеленді.
2019 жыл – қалалық «Лучший дене шынықтыру мұғалімі - 2019» байқауының ІІІ орын иегері дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Махан Рита.
2019 жыл – қалалық «Педагогикалық дебют - 2019» байқауының ІІ орын иегері жас маман, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі - Қорабаева Парасат Манарбекқызы. Аз ғана тарихы бар білім ордасының асатын асуы алда.