«Starlink» технологиясымен ауылдық жерлердегі 55 мектеп жоғары жылдамдықты интернетке қосылды » КГУ 'Средняя школа №26 с дошкольным мини-центром в Еркинском сельском округе'
«Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» ММ
«Еркін ауылдық округіндегі мектепке дейінгі шағын орталығы бар №26 орта мектеп»
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(7282)41-11-85
Бухгалтерия
+7(7282)25-11-37
Версия для
слабовидящих
» » «Starlink» технологиясымен ауылдық жерлердегі 55 мектеп жоғары жылдамдықты интернетке қосылды
17
август
2024

«Starlink» технологиясымен ауылдық жерлердегі 55 мектеп жоғары жылдамдықты интернетке қосылды

Жетісу облысының барлық мектебі интернет желісімен қамтылған. Бұл ретте ғаламтор жылдамдығын кеңейту мақсатында «Starlink» технологиясымен ауылдық жерлердегі 55 мектеп жоғары жылдамдықты интернетке қосылды. Осы жайында бүгін Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев «Білім берудегі цифрлық инновациялар» тақырыбында өткен педагогтердің тамыз кеңесінде айтты.
💬 Кеңесте сөйлеген сөзінде Бейбіт Исабаев білім беру саласына цифрлық технологияларды кеңінен енгізуге ерекше мән берілуі тиіс екенін атап өтті.
Кеңесте белгілі болғандай, облыста BilimLand, TestterKZ, TopIQ, Білімцентр, Itest.kz, Daryn.online білім беру платформалары кеңінен қолданылады. Сондай-ақ әлеуметтік осал топтағы оқушылар үшін өңірде 137 мектепте «Цифрлық ұстаз» жобасы іске қосылып, балалардың білімге құштарлығын арттыратын пайдалы контент жинақталмақ.
Оған қоса электронды журнал жаңа оқу жылынан бастап «Kundelik.kz» жүйесінен отандық «BilimClass» жүйесіне көшіріледі. Қазақстандық мамандар даярлаған бұл жергілікті өнімді пайдалану мемлекет үшін де, ата-аналарға да тегін.
«BilimClass» тек электронды журнал ғана емес, цифрлық білім беру ресурстарына қол жеткізе алатын мектепті басқарудың кешенді отандық жүйесі болмақ.
🔷 Жетісуда биыл жергілікті бюджет есебінен «ақпараттық технологиялар» мамандығына гранттар бөлінді. Сол сияқты Талдықорған политехникалық колледжінде дронды басқаруға қатысты «Қашықтықтан басқарылатын авиациялық жүйе» мамандығы ашылған