«Көрісу мейрамы» » КГУ 'Средняя школа №26 с дошкольным мини-центром в Еркинском сельском округе'
«Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» ММ
«Еркін ауылдық округіндегі мектепке дейінгі шағын орталығы бар №26 орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282)41-11-85
Есепші бөлімі:
+7(7282)25-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
март
2019

«Көрісу мейрамы»

14 наурыз – «Көрісу мейрамы».Бүгінгі күні Қазақстанның батыс аймағына берік орныққан бұл дәстүр Қазақстанның басқа өңірлерінде де жыл сайын жергілікті халық сағына күтетін бірден-бір салт болып отыр. Көктем келіп, қыс құрсауыннан шыққан ел хал сұрасып, қауышып, мал-жан амандық сұрасатын күн. Көрісіп болғаннан кейін «Бір жасыңмен!» деген тілек айтылады.

Осы мерекеге орай Талдықорған қаласындағы «Ардагерлер үйі» ұйымдастыруымен осы мерекені насихаттау, оқушыларға түсіндіру, көктемнің қуанышын бөлісу мақсатында ата-апаларымыз қала мектептерін аралап жақсы бір дәстүрді жаңғыртуда. Бұл керуен Еркін ауылындағы №26 орта мектебіне де тізгін тартып, ат басын бұрды. Ауыл ақсақалдар ұйымының төрағасы Тортай Ізбасқанов атамыздың жол көрсетуімен келіп, бұл мереке туралы түсіндіріп, жақсы тілектер айтып, баталарын беріп кетті, ұлттық би биленіп, шашу шашылды.