Еліміздің бірлігін жарастырған "Наурыз мейрамы"! » КГУ 'Средняя школа №26 с дошкольным мини-центром в Еркинском сельском округе'
«Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» ММ
«Еркін ауылдық округіндегі мектепке дейінгі шағын орталығы бар №26 орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282)41-11-85
Есепші бөлімі:
+7(7282)25-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
21
март
2022

Еліміздің бірлігін жарастырған "Наурыз мейрамы"!

Келетін жылдан молшылық, ырыс, бақ, береке күткен қазақ халқы  "Наурыз мейрамын" аса бір  ықыласпен тойлауда. Еркін ауылдық округі әкімшілігінің ұйымдастыруымен Көктал шағын ауданының саябағында округке қарасты мекемелердің қатысуымен спорттық ойындар ойналып, ыстық бауырсақ пісіріліп, көп көже таратылды. Әкімшілік қазақтың киіз үйін тігіп ауылдың ақсақалдары мен ауыл аналарына құрмет көрсетіп жатты. Біздің ұжым бір кісідей атсалысып, халықтың разылығына бөленді. Дойбы ойынынан тарих пәні мұғалімі Думан Тоқанұлы дойбыдан, 10-шы сынып оқушысы Жанұзақов Әділбек асық атудан 1-ші орын жеңіп алды. Күрес, кір тасын көтеру, бұқа тартыс, жаяу жарыс қызықты өтілді. Ауыл халқы бір бірімен құшақтаса амандасып, жақсы тілектер тілесіп тарасты. Наурыз еліміздің бірлігін жарастырып, байлығын еселей түссін деп тілейміз.