Мектепішілік "Қыз сыны - 2022" байқауы » КГУ 'Средняя школа №26 с дошкольным мини-центром в Еркинском сельском округе'
«Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» ММ
«Еркін ауылдық округіндегі мектепке дейінгі шағын орталығы бар №26 орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282)41-11-85
Есепші бөлімі:
+7(7282)25-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
март
2022

Мектепішілік "Қыз сыны - 2022" байқауы

Көктем келіп, бар әлем құлпыра бастады. алдымызда үлкен мереке "Әз Наурыз мерекесі!". 2-сынып жетекшілері Асанова С., Артықбаева А., Ұзақбаева А., Дуанаева А. өз сыныптары арасында "Қыз сыны 2022" байқауы өткізілді. Кіп кішкентай бүлдіршіндер "Сәлемдесу", "Өнерін ортаға салу", "Үйге берілген тапсырма", қалдықтардан жасалған "Сән үлгісі", "Ұлттық ою-өрнектерін құрастыру", "Білім сайысы" сияқты тапсырмаларды тамаша орындап шықты. Әсіресе үйдегі аналарының тәлімін алып, қол ұштарын беріп, қамқорлық көрсетіп түсірген бейнероликтері көңіл қуантарлық. Сайыс нәтижесі бойынша 2ә сынып оқушысы Әділбай Малика мен 2б сынып оқушысы Мұхтар Әлина "Бас жүлде" жеңіп алса, 2ә сынып оқушылары Құдайберген Аяжан мен 2б сынып оқушысы Самарқан Аружан 1 орын алды, ал 2в сынып оқушылары Сағи Іңкәр мен 2а сынып оқушысы Ержанқызы Жаннұр 2 орын, 2в сынып оқушысы Мұрат Фатима мен 2а сынып оқушысы Тұрған Шұғыла 3 орын иеленді. Тәп-тәтті қыздарымыздың өнерлері өрлеп, білімдері тереңдеп, жауқазындай жайнай берсін деп жақсы тілектер тіледік.











Похожие публикации:

15 март 2021 Әбіш оқулары
19 февраль 2021 Жүлдегерлер
21 февраль 2021 Жүлдегерлер
21 февраль 2021 Жүлдегерлер