«Қазіргі жастарға патриотизм тән бе» тақырыбында дебат ойыны » КГУ 'Средняя школа №26 с дошкольным мини-центром в Еркинском сельском округе'
«Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» ММ
«Еркін ауылдық округіндегі мектепке дейінгі шағын орталығы бар №26 орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282)41-11-85
Есепші бөлімі:
+7(7282)25-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қазіргі жастарға патриотизм тән бе» тақырыбында дебат ойыны
24
январь
2022

«Қазіргі жастарға патриотизм тән бе» тақырыбында дебат ойыны

«Қазіргі жастарға патриотизм тән бе?» атты 
«Маржан сөз» және «Шебер тіл» арасында өткен дебаттың ақпараты
«Қазіргі жастарға патриотизм тән бе» тақырыбында дебат ойыны өткізілген. Бұл пікірталаста 6-10 оқушыларынан құралған «Маржан тіл», «Шебер тіл» топтары оқушылары арасында қазіргі жастардың патриотизмі туралы өз ойларын айтып, сөйлеу мәдениетін, білім шеберлігін шыңдады.
"Патриотизм дегеніміз - Отанға деген сүйіспеншілік жеке адамның аман саулығының қоғамдық - мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну, ал мемлекетті нығайту дегеніміз - жеке адамды күшейту екенін мойындау, қысқасын айтқанда, патриотизм мемлекет деген ұғымды жеке адаммен, яғни оның өткенімен, бүгінгі күнімен және болашағымен қарым - қатынасты білдіреді"- деген ұтымды ойлары айтылды. Республикадағы ұлттар мен ұлыстардың ешқайсысын алаламай, бәрінің де толыққанды дамуына нақты жағдайлар туғызып, көп этносты елдегі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету қазақстандық патриотизмнің туындауына негіз бола алады. Ұлтына қарамастан Қазақстанда тұратын әрбір азамат Қазақстанды туған Отаным деп түсінуі қажет. Сонда ғана адамның жүрегінде қазақстандық патриотизм сезімінің, өз Отанына деген перзенттік мақтаныш сезімнің өркен ғажайып тамырлануына негіз қаланады. Яғни, этносаралық интеграцияның базасы емес, адамдардың өзін - өзі азаматтық билеуі, Қазақстан халқының бір бөлшегі ретінде сезімі дамып қалыптасады дегенде ойлар қозғады.
Үздік спикер атанған Ажарбаева Диана пікірінен нағыз ЖАС ПАТРИОТТЫҢ жалынын байқадық. Жылқышқан Майраның жалындаған сөздерінде біздің жастарға ой тастар түйін: «Қазіргі жастарға патриотизм тән бе»-деп жігерленлірсе, артынан, "Әрине, қазіргі жастарға патриотизм тән"-деп шабыттандырды. Себебі, көріп отырғанымыздай «Дипломмен - ауылға», «Жас Отан - жастар қанаты», «Студенттік құрылыс отрядтары» бағдарламаларда жастар үлесі көп. Олардың елін, жерін сүйген патриоттық сезімін осыдан аңғаруға болады.Өз ана тілін білмеген, ұлттық болмысынан, төлтума мәдениеті мен салт - дәстүрін білмегендер арасында жібі түзу әңгіме айтылмайды. Мұндай сыни пікірлердің дені жастарға бағытталатыны белгілі. Әйтсе де бес саусақтың бірдей еместігін ескерген жөн. Олардың барлығын бірдей батыстанып кетті деу артық болар. Негізі мұндай кертертпа пікірлерді алға тарта берсек, сол арқылы жастар рухын төмендетіп, болашақта толыққанды патриот азамат болып қалыптасуына кедергі жасайтынымыз анық. Ақиқатын айтқанда, "... жастардың туған жерге деген ықыласы мен патриоттық сезімін бағалай білуіміз керек"- деген ой - тұжырым айтылды.
Сонымен қорыта айтарымыз, қазіргі жастардың патриотизмі - бүкіл қазақстандықтарға тән. Себебі ортақ Отан, ортақ тарих, ортақ салт - дәстүр, ортақ мемлекеттік тіл - қазақ тілі болғаны дұрыс. Бастысы "Қазақстан-менің отаным"- деп санайтын қазақстандағы барлық ұлт өкілдері қазақтың тілін білуі тиіс, себебі осы елдің тілін, мәдениетін,салт дәстүрін білу, түсіну үшін мемлекеттік тілді меңгеруі тиіс, сонда ғана олардың бойынан Қазақстандық патриотизмді көре аламыз ." Отан – от басынан басталады" десек, туған облысымыздың, қаламыздың көрнекі жері, тарихы, атаулы оқиғаларын, айтулы адамдардың өмір жолдарын білгізудің мәні зор. Азаматтардың биік отаншылдық сезімі бүгінге ғана емес, ертеңі болашақ үшін  керек. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: "Қазақстанның отаншылдық сезімін тәрбиелеу білім берудің мектепке дейінгі жүйесінен жоғарғы оқу орындарына дейінгі орталықтарда барлық ұйымдарда көкейкесті болып табылады. Балаларды Отанды , туған жерді, өзінің халқын сүюге тәрбиелеу-мұғалімнің аса маңызды, аса жауапты да қадірменді парызы"-деген еді. Әр дәуірдің тарихи кезеңдерінде Отансүйгіштікке тәрбиелеудің өзіндік мүдделері болады. Ол ең алдымен, "ұлтжандылық"," "отансүйгіштік", "патриотизм" ұғымдары сол заманның ақиқаты - наным - сенімінен туындайды. Еліміз егемендік алғаннан бері жас ұрпақ тәрбиесінің темірқазығы - қазақстандық патриотизм болды. Бұл ұғымның жастар мен жасөспірім тәрбиесінде маңызды рол атқарушы педагогтардың алар орны ерекше, ол болашақ Қазақстан азаматтарын тәрбиелеуде басты нұсқаушы, білікті Көшбасшы, білімді Ұстаз. Қазақстандық патриотизм - Отан-анаға деген сүйіспеншілік пен азаматтық ерлік, өнеге көрсетушілік, бойдағы білім пен білікті, ақыл-парастатты ел игілігіне жұмсау, ата-мекен мүддесіне арнау болмақ. Олай болса, өз елінің өткенін, тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін құрметтей білу қазақстандық патриотизмнің басты құндылығы.