Мектептің "Өзін өзі басқару" ұйымының жұмысы » КГУ 'Средняя школа №26 с дошкольным мини-центром в Еркинском сельском округе'
«Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» ММ
«Еркін ауылдық округіндегі мектепке дейінгі шағын орталығы бар №26 орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282)41-11-85
Есепші бөлімі:
+7(7282)25-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
сентябрь
2021

Мектептің "Өзін өзі басқару" ұйымының жұмысы

Мектептер қалыпты оқуға көшіп, білімге құштар шәкірттерімен қауышып, ұстаздар қауымы дәстүрлі тіршілігіне ауысып риза болуда, ата-аналар да қуанышты. Бір жарым жыл қашықтықта білім алып, олардың тәрбиесіне сырттай бақылау жасалынып, жасалған жұмыстар нәтижесін көру қиындық туғызса, қазір соның бәрі артта қалғанына шүкір деп, ары қарайда жағдайдың оңалып кетуін тілеудеміз. Мектебімізде оқу жылы басталуымен "Өзін өзі басқару"  ұйымы жұмысын қолға алдық. Мектеп Президентіне үміткер болып суырылып шыққан, оқу озаттары Сәтжан Меруерт 9ә, Әсетқызы Талшын 10а, Сәрсенбаева Айсұлу 9а өздерінің сайлау алды бағдарламаларын құрып, үгіт-насихат жұмыстарын карантиндік талаптарға сай жүргізді. 28-ші қыркүйек күні екі ауысым арасында мектеп ауласында ашық сайлау өтіліп 9а сынып оқушысы Сәрсенбаева Айсұлу айқын басымдылықпен жеңіп "Мектеп Президенті"  атанды. Енді тез арада Үкімет мүшелерін құрып, жұмыс бастауға кірісті. Біз тек білімді, тәрбиелі шәкірттеріміздің көбейе түскенін Ел болашағын сеніп тапсыратын ұрпақтардың болғанын тілейміз, соған жұмыс жасауды жалғастырмақпыз.