01
сентябрь
2023
1 қыркүйек «Білім күні»
ХІХ ғасырдың ІІ жартысында ағартушы Ыбырай Алтынсарин балаларды оқу-ілімге шақырды. Ы.Алтынсариннің арқасында алғашқы қоңырау соғылды. Оның «Кел, балалар, оқылық!» өлеңі де жастарды білім алуға шақырып, оқу, өнер, ғылым – білімнің жалпы халық үшін даму жолы екендігін насихаттайды.
ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы балалардың сауатты болуына, білім алуына үлес қосқан ағартушы-ұстаз Ахмет Байтұрсынов білім арқылы ұлт мәдениетін көтеруге және тіл тазалығын сақтауға ден қойды. Ол «мұғалім балаға үйрететін нәрселерін өзі жақсы білуі, баланың табиғатын біліп, оның көңіл сарайын танитын болуы, баланың ісіне, түсіне қарап, ішкі хәлінен хабар болуы керектігін» тұжырымдаған.
Алғашқы «Педагогика» оқулығын жазған Мағжан Жұмабаев баланың кемел адам болып қалыптасуы үшін тәрбиешілерді бар күшін, бар білімін жұмсап, жалықпай, шаршамай үйрете білуге шақырған.
1935 жылы 1 қыркүйекті оқу жылының басталу күні деп танылды.
«Білім күні»-1 қыркүйек, жалпыхалықтық мереке ретінде 1984 жылы 15 маусымда бекітілді.
№26 орта мектебінде биылғы 2023-2024 оқу жылында Қазақстан Республикасы Оқу ағарту министрлігінің ұйғарымымен «1 қыркүйек – Білім күні» мерекесінің салтанатты жиыны мен алғашқы тәрбие сабақтары «Мектебім-мейірім мекені» тақырыбында өткізіледі. Шақырылған қонақтар: Сабазова Әлия- мектеп ата-аналар комитеті төрайымы, Ақажанов Темірболат –Талдықорған қалалық маслихатының хатшысы, Елеусизов Мерхат –Талдықорған қалалық ТЖжӨ бөлімі маманы қатыстырылды, 1-ші сыныптар саны – 3, ондағы балалар саны 72, жалпы мектеп табалдырығын 759 бала қарсы алып отыр.
#№26ОМтәрбие
#ЧС талдыҚорған
@zhetysu_bilim
@goronotald_
@goroo_tdk
@zhetysu_bilim_baskarmasy
@meruertabdykalieva