10
май
2023
Сурет салу - өнерге бейімдеу
Балалар бос уақытын дұрыс пайдалану, бұл балалардың қызығушылықтарына қарай бір іспен айналысуы арқылы еңбек етуге дағдыландырса, екіншіден өнерге бейімдіктерін арттырады, сондай-ақ мектеп жасындағы балалар арасында орын алатын түрлі келеңсіз жағдайларға тосқауыл болары анық. "Береке" ұйымының маманы Айжан Мәуленқызы мектеп оқушыларын сурет өнеріне баулуда. Сурет өнері бұл баланың психологиялық дамуына көмектесіп қана қоймай, суреттер арқылы ішкі сезімдерін шығарып, қобалжу, тұйықталу, көңіл күйді әсерлеу сияқты бала бойындағы дүниені қағаз бетіне бейнелеу арқылы серпіліс жасатуы, жігерлендіру, жақсы мен жаманды ажырата білу, түстер арқылы айқындай білуге үйрететіні дәлелденген жәйіт. Тәрбиенің бір түрі саналатын сурет өнері ұлттық нақыштау арқылы салт-дәстүрді сақтауға да көмектеседі. Айжан Мәуленқызы тәрбиеленушілерін түрлі конкурстарға қатыстырып, қызықтыра білуде.
#тәрбие №26 ОМ