15
март
2022
«Бабалар сөзі – даналар көзі» атты іс-шарасы
Жылдағы дәстүр бойынша бүгін мектебімізде «Ата-баба дәстүрі – ұрпаққа аманат» бағдарламасы аясында «Бабалар сөзі – даналар көзі» атты шарасы өтілді.
Мақсаты: Бабалардан қалған ұлағатты, ғибрат сөздерді келешек ұрпаққа ұғындыру, мағанасын түсіну, келер ұрпаққа өсиет ету.
Бұл тақырып бүгінгі өмір талабына сай келіп отыр, тәрбиелеп отырған оқушыларымыздың рухани шөліркеуі, ғаламдық ақпараттың көбеюіне байланысты ұлттық салт-дәстүрлеріміз, мәдениетіміз, отбасылық тәрбиемізде аздаған кемшіліктер байқалуда екенін бәріміз байқаудамыз. Тарихқа жүгіне отырып, Ұлы бабаларымыздың ұлағатты сөздері арқылы ұлттық сананы қайта қолға алу керектігі өмір талабы. Бұл шара 5 бөлікті қамтып, әрқайсысының тәрбие саласына алатын орны бар екенін дәлелдеп беруге тырыстық.
І Бөлім «Ғасырлар сыр шертеді».
Ғұлама ғалым Әбу Насыр Аль Фарабидың өмірі, даналыққа келуі, сол заманда өмір сүрген Абу Насыр Әл Фараби, Жүсіп Баласағұни, Қожа Ахмед Иассауи, Әлішер Науаи, Қадырғали Жалайрий, Мұхамед Хайдар Дулати бейнелері арқылы сомдау.
Даналық сөз: «Тәрбиесіз берілген білім — адамзаттың қас жауы».
ІІ Бөлім «Туралықты тұғыр еткен даналар»
«Қазақ хандығының» құрылуы кезеңіндегі Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Жиренше шешен Жәнібек пен Қасым хандарды араластыра отырып бейнелерді сомдау.
Даналық сөз: «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ.»
ІІІ Бөлім «Мен бір жұмбақ адаммын оныда ойла»
Қазақтың біртуар ойшыл, ғалымдары, мәдениеті мен әдебиетіне үлес қосқан Ұлы Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердиев, Ыбырай Алтынсарин, Шоқан Уалиханов өмір сүрген кезеңді бейнелеу.
Даналық сөз: «Өзін тәрбиелей білмеген, өзгеге өнеге көрсете алмайды».
ІV Бөлім «Арпалысқан арыстар»
Қазақ қоғамын құру үшін арпалысқан арыстар
Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Сұлтанмахмут Торайғыров, Бауыржан Момышұлы, Мұхтар Әуезов, Мұқағали Мақатаев .... өмір сүрген уақыттардан бүгінге дейінгі ұлағаттылық, даналықтар.
Даналық сөз: «Өнер – өнегелі, ақылды адамдарды тәрбиелейтін құрал.»
Талдықорған қалалық "Ардагерлер" қоғамдық бірлестігінен келген ата-апаларымыз тақырыптың жақсы ашылғандығы, балалардың тарихи тұлғаларды сомдаудағы шеберліктерін, көптеген деректерге қызығушылық танытқандықтарына аса ризашылық білдірді. Мектеп ұжымына үлкен рақметтерін айтып, алдағы уақытта да шаршамай еңбектене берулерін тіледі.#тәрбие