05
март
2022
Мерекелеріңіз құтты болсын Аналар!!!
Күлімдеп көктем келіп, көңілге шуақ ұялатып, серги бастадық. Алдымызда керемет үлкен, ерекше мереке "Халықаралық әйелдер күні" таяп қалды. Мектебімізде үлкен мерекелік шарадан бөлек әр сыныпта Аналар мерекесі қарсаңында тәрбиесі мол, ұлттық салт- дәстүрді тағы бір үлгі етуге арналған сынып сағаттары өтілді, бұл сынып сағаттарының ерекшелігі биылғы жылды еліміздің Президенті Қ. К. Токаевтың бастамасымен "Балалар жылы" атауына сәйкес "Бала- анасымен бақытты" тақырыбында өтілді. Анаға құрмет көрсету, аялау қазақ халқының ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан үрдісі. Жаңғырту, жалғастыру, толықтыру келер ұрпақ ісі, Аналар, апайлар, қарындастар мерекелеріңіз құтты болсын!!!