ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент отырысында сөйлеген сөзі » КГУ 'Средняя школа №26 с дошкольным мини-центром в Еркинском сельском округе'
«Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» ММ
«Еркін ауылдық округіндегі мектепке дейінгі шағын орталығы бар №26 орта мектеп»
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(7282)41-11-85
Бухгалтерия
+7(7282)25-11-37
Версия для
слабовидящих
» » ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент отырысында сөйлеген сөзі
11
январь
2022

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент отырысында сөйлеген сөзі

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент отырысында сөйлеген сөзінде жаңадан сайланған үкімет басшысының кандидатурасын ұсынып, парламент депутаттары бірауыздан Әлихан Смайыловты қолдап дауыс берді. Парламенттегі әр түрлі партиядан сайланған депутаттар жаңадан сайланған үкімет басшысының бұған дейінгі атқарған қызметіне баға беріп, бір ауыздан өздерінің қолдайтындығын білдірді.
     ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан сайланған Үкімет басшысына бірқатар міндеттерді тапсырды. Үш аптаның ішінде елдің әлеуметтік-экономикалық саласын дамытуға бағытталған жоба әзірлеуді, халықтың әлеуметтік жағдайларын дамытуға, ұлттық қауіпсіздігімізді нығайтуға, әскери құрамалардың жауынгерлік сапасын арттыруға, жастарды жұмыспен қамтамасыз етуге, техникалық бағыттағы оқу орындарын ашуға, халықтың әлеуметтік төмен топтарын қолдау мақсатында, бүліншіліктен қираған мекемелер, сауда орындарын қалпына келтіру мақсаттарында халықтық қор құруды тапсырды. Білім саласында Ахмет Байтұрсыновтың қанатты сөзі: «Мұғалім -  мектептің жүрегі» деп айта келе, педагог кадрларды даярлауға баса назар аударды. Тәрбие саласына баса назар аударуды тапсырды.
     ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алға қойған тапсырмаларын мектеп ұжымы үнемі өз жұмыстарымызда басшылыққа алып, еліміздің Тәуелсіздігін нығайтуға, сыртқы, ішкі қауіптен сақтауға ат салысайық!