14
декабрь
2021
Қастерлі Тәуелсіздігімізге 30 жыл
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: «Биыл қастерлі Тәуелсіздігімізге 30 жыл толады. Бұл қайта жаңғырған қазақ мемлекеттігінің, ата-бабаларымыз аңсаған азаттықтың тұғыры нығая түскенін әйгілейтін маңызды белес», деген еді. Бүгін сол желтоқсан оқиғасының куәгері болған Ә.Қ.Қашағанова, желтоқсаншылар құрдастары болған мектебіміздің бүгінгі күндері көп жылдық тәжірибесі бар ұстаздары Д. Т. Қошқарбаев пен М. Қ. Абдисовтармен мектептің үздік оқушылары арасында "Желтоқсан ызғары" атты дөңгелек стол болып өтті, педагог-ұйымдастырушы Н. М. Нұрланова оқушыларды зерттеушілікке баулып, олардың өз беттерінше көптеген деректерді ашуларына бағыт бере білген. Оқиға куәгері, сол уақыттары Абай атындағы Қазақ ПИ студенті Әлия Қалиясқызы "1986 жылдың 16 желтоқсанында Брежнев алаңына (қазіргі Республика) жиналған мыңдаған жас Д.Қонаевтың қызметтен кетуіне наразылықтарын білдіріп, ҚКОК-нің 1-хатшысы болған Колбиннің орнына қазақ азаматын тағайындауды талап еткен болатын. Жиналған топтың оңайлықпен тарамайтынын білген Кеңес билігі жастарды алаңнан күштеп қуды."-деген әңгімесі өте қызықты болып, нақты оқиға туралы түсініктерін нығайтты.