05
март
2022
"Бала - анасымен бақытты" мерекелік іс-шара
«Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Еркін ауылдық округіндегі мектепке дейінгі шағын орталығы бар №26 орта мектеп» отдела образования Шуского районанің әкімшілігі сізге 2022 жылдың 05-шы наурыз күні халықаралық әйелдер күні қарсаңызда «Бала-анасымен бақытты» атты мерекелік кешіміздің өткенін мәлімдейді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа кірген 2022 жылды "Балалар жылы" деп жариялануына байланысты, аталған іс-шарамыз «Бала-анасымен бақытты» атпен мектебіміздің бірыңғай «Жас Ұлан» балалар және жасөспірімдер мүшелерінің ұйымдастырды. Аталған іс-шара сағат 07.30-да салтанатты дәлізден ұстаздарды, қызметкерлерді және қыздарды қарсы алумен басталды. Ары қарай салтанатты кешпен ұласты.
Кешіміздің мақсаты: ана мен баланың арасындағы ыстық сезімді, анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, ананы құрметтеу, сыйлай білуге, оқушылар бойындағы жеке қабілеттері мен таланттарын дамыту, адамгершілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу. Салтанатты кешті мектепке дейінгі шағын орталықтың «Қызғалдақ» тобының тәрбиеленушілерінің би өнерімен басталып, республикалық, облыстық, қалалық домбыра жарыстарының жеңімпаздары күйлерін шырқаумен жалғасты. Барлығы аталған іс шараға 4в сынып оқушылары, 9ә сыныптан 4 оқушы, 1аәб сыныптарынан 6 оқушы қатысты.
Мектебіміздің бірыңғай «Жас Ұлан» балалар және жасөспірімдер мүшелерінің ұйымдастыруымен өткен салтанатты жиын біткен соң, қорытынды құттықтау сөз мектебіміздің директоры Б.Ж.Курмашевқа берілді. Өз сөзін халықаралық 8-наурыз әйелдер күнімен шын жүректен құттықтап, мектептің ұстаздарын, қызметкерлерін құрмет грамоталарымен марапаттады.
«Бала-анасымен бақытты» атты мерекелік кешімізді мектептің ер азаматтарының әнімен аяқтады. Мерекелік кештің әлеуметтік желідегі жариялымы.