«Starlink» технологиясымен ауылдық жерлердегі 55 мектеп жоғары
Жетісу облысының барлық мектебі интернет желісімен қамтылған. Бұл ретте ғаламтор жылдамдығын кеңейту мақсатында «Starlink» технологиясымен ауылдық жерлердегі 55 мектеп жоғары жылдамдықты интернетке қосылды. Осы жайында бүгін Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев «Білім берудегі цифрлық инновациялар» тақырыбында өткен педагогтердің тамыз кеңесінде айтты. Кеңесте сөйлеген сөзінде Бейбіт Исабаев білім беру саласына цифрлық технологияларды кеңінен енгізуге ерекше мән берілуі тиіс екенін атап өтті.