«Анам – нұрым, қызым - гүлім» атты аналар мен қыздар сайысы » КГУ 'Средняя школа №26 с дошкольным мини-центром в Еркинском сельском округе'
«Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» ММ
«Еркін ауылдық округіндегі мектепке дейінгі шағын орталығы бар №26 орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282)41-11-85
Есепші бөлімі:
+7(7282)25-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Анам – нұрым, қызым - гүлім» атты аналар мен қыздар сайысы
04
март
2019

«Анам – нұрым, қызым - гүлім» атты аналар мен қыздар сайысы

Еркін ауылдық округіндегі МДШО бар №26 орта мектепте 8-ші наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай 2019 жылдың 4 наурызында «Анам – нұрым, қызым - гүлім» атты аналар мен қыздар сайысы өтті. Мақсаты - оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту, өнерге баулу, әдептілікке, парасаттылыққа тәрбиелеу. Аналарымыз бен қыздарымыз 7 бөлімнен тұратын сайысқа түсті: 1-бөлім.«Сәлем – сөздің атасы»– деп аталады, әр топ өздерін таныстырып өтеді. 2-бөлім. «Үй тапсырмасы: Ас-адамның арқауы». 3-бөлім.«Он саусағы майысқан шебер болар қыздармыз»– қолөнер сайысы. 4-бөлім. «Кім жылдам?»

а) «Ою ойғанның ойы ұшқыр» (қағаздан ою ою)

б) майлықтан (салфеткадан) әдемі дастархан сервировкасын жасау.

в) әдемі шаш үлгісін жасау. (Анасы қызына немесе керісінше). 5-бөлім. «Тіл өнері» мақал-мәтелдерден, жұмбақтардан жасырылған сөздердің жаубын 3 тілде табу. 6-бөлім аналар сайысы«Анашым-ақылшым» деп аталады. Ұлттық салт-дәстүрімізге байланысты сұрақтарға жауап беру. 7-бөлім.«Өнерлі отбасы» деп аталады анасы қызымен бірлесіп өнер көрсетеді.

Сайыс қорытындысы бойынша 8а сынып оқушысы А.Сқақбай бас жүлде «Мектеп Аруы - 2019» атанса, І орын 10ә сынып оқушысы Тезекбаева Эльнара, ІІ орын 8ә сынып Серикова Даяна, оқушысы , ІІІ орын 10а сынып оқушысы Еркін Алия иеленді. Ал аналар арасында бас жүлде «Мерейлі Ана - 2019» атағын Г.Қалқаманова иеленді. Шара соңында аналар ақ тілектерін айтып, ризашылықпен қайтты.

 

 

 

 

 

 

 

 

Похожие публикации:

15 сентябрь 2018 «Балалар әлемі»
28 июнь 2018 Алтын белгі
13 ноябрь 2017 Түйіндеме