22
октябрь
2024
Әкеге қарап ұл өсер
22 қазан күні мектебімізде отбасылық құндылықтарды сақтау, әкелердің бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, ата-аналардың жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын ұйымдастырудағы рөлін арттыру мақсатында «Әкеге қарап ұл өсер» тақырыбында әкелер жиыны өтті. Жиынға Талдықорған қалалық полиция басқармасы ювеналдық полиция тобының аға инспекторы Қанатбеков Руслан Қанатбекұлы, телерадио саласының еңбек ардагері Жайлаубаев Жұмахмет, Еркін аулдық округінің Ардагерлер кеңесінің мүшесі - Қазыбаев Әукен Қазыбаевич, Мектебіміздің «Әкелер» одағының төрағасы Намазбаев Қанатбек Билібекович қатысып, бала тәрбиесіндегі әкенің рөлінің маңыздылығы жайында ой қозғап, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Бейнежазба
Бейнежазба