Мүлікті сақтандыру: көзделмеген шығынды қалай болдырмауға болады » КГУ 'Средняя школа №26 с дошкольным мини-центром в Еркинском сельском округе'
«Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» ММ
«Еркін ауылдық округіндегі мектепке дейінгі шағын орталығы бар №26 орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282)41-11-85
Есепші бөлімі:
+7(7282)25-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мүлікті сақтандыру: көзделмеген шығынды қалай болдырмауға болады
17
май
2023

Мүлікті сақтандыру: көзделмеген шығынды қалай болдырмауға болады

Мүлікті сақтандыру: көзделмеген шығынды қалай болдырмауға болады

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің деректері бойынша 2023 жылғы қаңтар – ақпанда сақтандыру сыйлықақылары
170 млрд теңге болған, бұл 2022 жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда 23%-ға көп. Сақтандыру сыйлықақыларының өсуінің негізгі қозғаушы күші ерікті мүліктік сақтандыру сыныбы болып табылады.
Мүлікті сақтандыру кезінде оны қалай және нені сақтандыруға болады және сақтандыру шартын жасасу кезінде не нәрсеге ерекше назар аудару керек екендігін Fingramota.kz-пен бірге қарастырамыз.
Өрт, дауыл немесе су тасқыны сияқты табиғи апаттардың алдын алу мүмкін емес, дегенмен мүлікті күтпеген шығындардан сақтандыру арқылы тәуекелдерді азайтуға болады.
Мүлікті сақтандыру белгілі бір оқиғалар орын алған кезде сақтанушылардың мүліктік мүдделерін залалдан материалдық тұрғыдан қамтамасыз ету тәсілі болып табылады. Басқаша айтқанда, бұл – жылжымайтын мүлікке толық немесе ішінара зиян келтіру тәуекелінің кепілі.
Мүлікті сақтандыру ерікті сақтандыру түрлеріне жатады және әр адамның жеке таңдауы болып қала береді.
Жылжымайтын мүліктен басқа, тұрмыстық техниканы, жиһазды және т.б. сақтандыруға болады. Яғни, барлық жылжымалы және жылжымайтын мүлікті бүлінуден, табиғи апаттардан, өрттен, жоғарғы көршілерден су ағудан, тұрмыстық газдың жарылуынан, бұзақылықтан, тонаудан, бұзып кіруден және т.б. қорғауға болады. Осындай жағымсыз оқиға орын алған кезде сақтандыру арқылы сіз сақтандыру компаниясынан белгілі бір өтемақы ала аласыз.
Өзіңіздің жылжымайтын мүлкіңізді дұрыс сақтандыру үшін әрбір меншік иесі қандай тәуекелден сақтанудың маңызды екенін, сақтандыру тетігінің қалай жұмыс істейтінін, белгілі бір компанияның төлемдері мен тарифтерін түсінуі керек.

Мүлікті қандай тәуекелдерден сақтандыруға болады
Мүлікті әр түрлі тәуекелдерден сақтандыруға болады және сақтандыру қажет. Мәселен, пәтеріңізді су басудан (су құбырының суынан, жылыту жүйесіндегі судан, жауын-шашын салдарынан шатырдан су өтуден) немесе өрт пен ұрлыққа байланысты қауіптерден сақтандыруға болады. Мүліктің жоғалуына, жойылуына немесе бүлінуіне әкелетін мынадай сақтандыру жағдайлары бар:
- өрт, найзағай, жарылыс;
- табиғи