"Мектеп жасындағы балалар қауіпсіздігі" » КГУ 'Средняя школа №26 с дошкольным мини-центром в Еркинском сельском округе'
«Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» ММ
«Еркін ауылдық округіндегі мектепке дейінгі шағын орталығы бар №26 орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282)41-11-85
Есепші бөлімі:
+7(7282)25-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
апрель
2023

"Мектеп жасындағы балалар қауіпсіздігі"

Мектеп қабырғасынан бастау алатын "Сыбайлас жемқорлықпен күрес"  бүгінде "Мектеп жасындағы балалар қауіпсіздігі" мәселесімен бірдей маңыздылыққа ие.  Биылғы оқу жылындағы жаңа құрам педагог-ұйымдастырушы М.Ж.Базаргельдының жетекшілігімен  жұмыс атқаруда. 
 «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының негізгі міндеттері 
- мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру
-  сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту бойынша бастамаларды көтермелеу
-  сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы іс-шараларды ұйымдастыру болып табылады.
 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім секциясы дәрістерді, «дөңгелек үстелдерді» және басқа да ағартушылық іс-шараларды ұйымдастыруға қатысады.
 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпарат және шығармашылық секциясы үздік бейнероликтер, суреттер, шығармалар  байқаулары мен іс-шараларын  ұйымдастыруға қатысады.
 Мәдени-бұқаралық іс-шаралар секциясы акциялар, флэш-мобтарды, диалог алаңдар, қоғамдық, ардагерлер ұйымдарының, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдерімен кездесулер және басқа да әлеуметтік-маңызды іс-шараларды ұйымдастыруға қатысады.
             2022-2023 оқу жылында «Біз жемқорлыққа қарсымыз!» тақырыбында  1-4 сынып оқушылары арасында суреттер байқауы өтті.  Мектептің  кітапханасында «Парасатты азамат» бұрышы көрмесі ұйымдастырылды. Салауатты өмір салтын насихаттаумен бірге оқушыларға сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, профилактикалық жұмыстарын насихаттау бойынша 8-11 сыныптар «Жемқорлық індет оны жою бізге міндет» тақырыбында жиналыс өтіліп, қаңтар айында «Өз құқығыңды білесің бе?» сауалнама алынды.   2023 жылдың желтоқсан айында 10-сынып оқушыларымен «Жемқорлықпен қалай күресеміз» тақырыбында тарих пәнінің мұғалімі Думан Қошқарбаевтің жетекшілігімен пікір-сайыс өткізіліп, онда «Тәртіпсіздікке нөлдік шыдамдылық» мәдениетін қоғамда қалыптастырудың неліктен маңызды екендігі туралы ойларын ортаға салды.  Алдағы күндері «Жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында 8-10 сынып оқушылары арасында жоспарға сәйкес бейнероликтер  жоспарлануда. Мектеп  еріктілер клубы қараша айында өткен «АДАЛ ҰРПАҚ-2022» ерікті мектеп клубтарының қалалық байқауында 2 орын иеленіп, марапатталды.