Кәсіптік бағдар беру бағытында жүргізілген жұмыстар » КГУ 'Средняя школа №26 с дошкольным мини-центром в Еркинском сельском округе'
«Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» ММ
«Еркін ауылдық округіндегі мектепке дейінгі шағын орталығы бар №26 орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282)41-11-85
Есепші бөлімі:
+7(7282)25-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Кәсіптік бағдар беру бағытында жүргізілген жұмыстар
17
январь
2022

Кәсіптік бағдар беру бағытында жүргізілген жұмыстар

Кәсіптік бағдар беру бағытында жүргізілген жұмыстар
Кәсіптік бағдар беру жұмысы жыл бойы жүргізілді. Бұл жұмыс негізінен 5 сыныптан бастап таныстыру, мамандықтар туралы әңгімелер өткізу түрлерінде жүргізіледі.
    Кәсіптік бағдар беру — қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіпке қызығушылығын қалыптастыруға және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесуде, мақсатты атқарылатын жұмыс. Кәсіптік бағдар беру жұмысы жас ұрпақтың саналы түрде болашақ мамандығын қателеспей таңдауға мүмкіндік жасайды.
Кәсіптік бағдар беру жұмысына мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастырушылар, сынып жетекшілерімен қатар ата-аналар да қатысуы міндетті. Көптеген ата-аналар өз балаларының болашақ мамандығын таңдауда баласының білімін, қызығушылығын немесе таңдалған мамандығының еңбек нарығындағы сұранысын ескермей кәсіптік бағыт береді. Сондықтан да мектептің ата-аналармен жұмыс жоспарында кәсіптік бағдар беру мәселелері бойынша әр түрлі ағартушылық шаралар орын алуы қажет. Ол ата-аналар жиналыстарында түрлі тренингтер, әлеуметтік, психофизиологиялық сауалнамалар, әңгімелер, дәрістер ұйымдастыру арқылы ата-аналардың балаларына кәсіби бағыт беру туралы көзқарасына, ұстанымдарына әсер етуге болады.
Аталған міндеттерді жүйелі орындау мақсатында Алматы облыстық білім беру басқармасы бойынша А.Досматованың жетекшілігімен  кәсіптік бағдар беру кабинеті жұмыс істейді. Кәсіби бағдар беру жұмысының жүйесін негізгі 4 модулге бөліп қарастыруға болады. Олар: Кәсіптік ақпарат, кәсіптік ақыл-кеңес, кәсіптік іріктеу, кәсіптік бейімдеу
Кәсіптік ақпарат -
Мамандықтардың түрі, ерекшелігі, маңызы мен мәні туралы түсінік. Мамандыққа қойылатын талаптар. Дайындау барысындағы жасалатын жағдайлар. Қабылдау ережесі. Жоғарғы оқу орындары мен колледж түлектерін «Жұмыспен қамту 2022» бағдарламасы аясындағы мемілекеттік қолдаулармен таныстыру. (Ашық есік күні, ата-аналар жиналысында, сынып сағаттарында жүзеге асады)
Кәсіптік ақыл-кеңес -
Мамандарға қажеттілік, оның даму келешегі. Балалардың денсаулық, анатомиялық-физиологиялық және әлеуметтік психологиялық жағдайын, қызығушылығын талдау негізінде 9-11 сынып оқушыларының назарына мамандықтарды ұсыну. Жоғарғы оқу орындары мен колледж түлектеріне түйіндеме дайындау, өзін-өзі жарнамалау бойынша кеңес беру. Кәсіптік ақыл-кеңес жұмысына ата-аналар құрамынан, серіктес мекемелер мен білім беру ұйымдарының мамандары, колледж түлектері тартылады.
Кәсіптік іріктеу -
Мамандықты меңгеруге қызығушылығын, бейімділігін, дара ерекшеліктерін арнаулы әдістеме арқылы анықтауға бағытталған зерттеулер жүргізу (сауалнама, әңгімелесу, тренингтер арқылы). Оқушылардың алдын-ала болжамдық білім деңгейін тексеру.
Кәсіптік бейімдеу -
Мектепте немесе колледжде мамандықтар бойынша үйірме, клуб, педагогикалық сынып жұмыстарын ұйымдастыру.

Оқу орындарыннан келген волонтерлармен сұхбатОқу орындарынан келгендер өз оқу орны туралы таныстырулар жасап, мәліметтер беріп, кітапшалар таратып отырады.


Өз оқу орындарында кәсіби білім беру кезіндегі болашақ мамандықтары, онда шығарылатын өнімдер туралы айтып қызықтырады.


Қала мектеп оқушыларымен кездесуге келген мамандардан үлкен мәліметтер алынады.


Өздерін қызықтырған оқу орны волонтерларымен кездесіп, пікір алмасады.


Талдықорған қаласындағы мамандандырылған колледждердің «Ашық есік» күндеріне қатысу.