Жыл соңына дейін Жетісу облысында 4 жаңа мектеп іске қосылады
Биыл Жетісу облысында 2400 орынды 5 мектептің құрылысы жүргізілуде, соның ішінде Көксу, Ақсу, Алакөл, Панфилов аудандарындағы 4 мектептің құрылысы жыл соңына дейін аяқталады. Бұл туралы бүгін Талдықорғанда өткен педагогтердің тамыз кеңесінде Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев айтты. Сондай-ақ, ұлттық жоба аясында облыста 4800 орынды тағы 5 мектеп салу жоспарланған. Атап өтсек, 5 мектеп Алакөл ауданының Үшарал қаласында, Қаратал ауданы Үштөбе қаласында, Талдықорғанның 3 шағын ауданында