04
сентябрь
2023
Білім беру объектілерінде қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру
Қазіргі таңда елімізде балалардың қауіпсіздігі басты назарға алынуда, сол себепті бала қауіпсіздігіне немқұрайлы қарамаған жөн. Балалардың қатысуымен көптеген қайғылы жағдайлар орын алуда. «Білім беру объектілерінде қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру – басым міндеттердің бірі. Мектебіміз мамандандырылған күзетпен қамтамасыз етілген,турникеттер, «дабыл түймелері» бар, мектептің ішкі бөлігін және сыртқы бөлігін бақылайтын 96 камера жұмыс істеп тұр. Жас өспірімдердің отпен ойнауы ата-аналардың балаларына кез келген нәрсемен ойнауын назардан тыс қалдыруы түрлі өрт жағдайларын туындатады. Сол себепті отпен ойнау қандай жағдайға ұшырататыны жөнінде балаларға айтып, түсіндіріп отыру ата-ананың міндеті. 2023 жылдың "1-ші қыркүйек -Білім күні" қарсаңында Жетісу облысы Полиция Департаментінің Кадр саясаты басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндег і аға инспекторы полиция полковнигі Мухамадиева Ә.М. мен инспектор Сұлтанғали Э. келіп қауіпсіздік туралы, оқушылар арасындағы бопсалау, бөтен адамдардан қалай сақтану керектігі т.б. туралы әр сыныпқа кіріп кездесу өткізді.