10
апрель
2023
"Қауіпсіз терезе!" челенджі
Қазіргі таңда елімізде балалардың қауіпсіздігі басты назарға алынуда, сол себепті бала қауіпсіздігіне немқұрайлы қарамаған жөн. Балалардың қатысуымен көптеген қайғылы жағдайлар орын алуда. Терезеден құлаған балалар туралы хабарламалар жиі айтылып, жыл сайын олардың саны көбеюде. Балалардың терезеден құлау жағдайларын талдау барысында ата-аналар баланы ашық терезенің жанында пәтерде жалғыз қалдырғандықтан, олар жиі болып жатқанын айтады. Көптеген үйлерде заманауи шыны пакеттер пайда болуымен де байланысты. Егер осындай терезе москит торымен жабдықталған болса, онда ол екі есе қауіпті болады. Жиі ата-аналар торды қорғаушы ретінде деп қате санайды. Бірақ балалар торды қорғаныс бөгет ретінде қабылдайды және оған сүйеніп, терезеден онымен бірге түседі. Қауіпсіздікті ескере отырып мектептердің жоғарғы қабаттарына арнайы бекітпелер орнатылуда. Осы жағдайларды ескере отырып мектептің "Өзін өзі басқару" ұйымы "Қауіпсіз терезе!" челенджіне 11 сынып оқушысы Әсетқызы Талшынның бейнеролигін Ұсынамыз.
Бала қауіпсіздігі басты назарда: «Қауіпсіз терезе!»
Қадірлі ата-аналар, оқушылар, балалардың заңды өкілдері!
Мына ескертпелерді естен шығармаңыздар, сақ болыңыздар:
Ашық терезеге балаларыңыздың жақындамауын қадағалап, терезе алдына оларды ешқашан отырғызбаңыз.
Көп қабатты үйлерде балкон терезесінен және басқа терезені ашып далаға қарауды, терезеден бір затты төменге лақтырып беруді әдетке айналдырмаңыздар және оны басқалардан талап етіңіздер.
Ашық терезе маңында ойнаудың қауіпті екендігін үнемі ескертіп отырыңыз.
Ашылатын терезелерге сақтық шараларын пайдалана отырып толық ашуды шектейтін немесе сыртынан мықты тор қою жолдарын қарастырыңыз, кішкентай балаларды жалғыз ұзақ уақытқа қалдырмаңыз.
Бүлдіршіндеріміздің қауіпсіздігін сақтау әрқашан маңызды! #тәрбие №26 ОМ
https://www.facebook.com/100023399715297/videos/617982499776095/