25
январь
2023
"Оқушылар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу"
25-ші қаңтар күні мектеп инспекторы, полиция капитаны С.Караулов мектеп оқушыларымен сыныптарды жекелей аралау арқылы кездесу жұмысын жүргізді, мақсаты "Құқық бұзушылықтың алдын алу, әртүрлі қылмыстық жағдайларға жол бермеу", оқушылар арасында соңғы кездерде тараған электронды темекі, түрлі балалар өміріне қауіп төндіретін ойындар зияны, олардың соңы неге соқтыратыны туралы, егер ондай жағдайлар орын алған жағдайда қандай қылмыстық жаза қолданылатыны туралы түсіндірме жасады. Сақтану әр бала үшін қажеттік болса, оның алдын алу мұғалімдер үшін де заң орыны мамандары үшін де басты міндет. Құрметті ата-аналар балаларымыздың жарқын болашағын ойласақ осы күннен балаларымызға көңіл бөлейік.