03
март
2023
"Екі жұлдыз" мектепішілік байқауы
Наурыз айының тууымен мерекелік шаралар саны артып, көңілге шаттық орнап, жүздері жайнап мәз мейрам күйге бөлеуде. Мектебімізде "Өзін-өзі басқару" ұйымы мүшелерінің, жас мамандардың және педагог-ұйымдастырушы Базаргельді М.Ж. ұйымдастыруымен ата-ана, ұстаздар және оқушылардың қатысуымен "Екі жұлдыз" ән байқауы ұйымдастырылды. Байқауға тілек білдірушілер саны көп болғанмен, іріктеуден кейін 22 жұп өз өнерлерін көпшілікке ұсынды. Бұл шараның мақсаты, балаларды көркемдік – әсемдік, адамгершілік - рухани бағытта тәрбиелеу. Оқушы мен Ұстаз, Ата-ана мен Оқушы, Ата-ана мен Ұстаз арасындағы қарым-қатынасты жақсартып, тығыз байланыс орнату. Жеңімпаздар мектеп әкімшілігінің марапаттауларына ие болып, естелік суреттерге түсті.