26
январь
2023
Бала тәрбиесі - басты міндет
2023 жылдың 25 қаңтар күні Талдықорған қаласындағы №28 ІТ мектеп лицейі базасында Жетісу облысының білім басқармасының ұйымдастыруымен "Бала тәрбиесі - басты міндет" тақырыбында ата-аналарға арналған облыстық семинар-кеңес өтті. Семинарға аудандық білім бөлімдері мен Текелі, Талдықорған қаласы білім бөлімдері мамандары, мектептердің ата-аналар комитеттерінің төрайымдары, мекеп директорларының тәрбие жөніндегі орынбасарлары және педагог-психологтары қатынасты. Сондай-ақ қонақ ретінде Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Мухметов Қ.Ж., бала құқығы жөніндегі өңірлік уәкіл Сейсенова Р.М., облыстық аналар кеңесі төрайымы Баймадиева Ж.Қ., облыстық ата-аналар комитеті төрайымы Қыдырбаева Д.С., суицидолог Аушинов Д.Е. қатысты. Кіріспе сөзді Жетісу облыстық білім басқармасының басшысы Адамбекова А.М. "Тәрбие саласындағы өзекті мәселелер" тақырыбымен ашып, өте өзекті мәселелер қозғалды. Семинарға қатысушылар жақсы мәліметтер алып, ризашылықпен тарқасты.
#тәрбие №26 ОМ
@zhetysu_bilim
@goronotald_
@goroo_tdk
@zhetysu_bilim_baskarmasy
@aizhan.adambekova
@meruertabdykalieva