Балалардың желідегі қауіпсіздігі "Кибербуллинг немесе антибуллинг" » КГУ 'Средняя школа №26 с дошкольным мини-центром в Еркинском сельском округе'
«Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» ММ
«Еркін ауылдық округіндегі мектепке дейінгі шағын орталығы бар №26 орта мектеп»
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(7282)41-11-85
Бухгалтерия
+7(7282)25-11-37
Версия для
слабовидящих
» » Балалардың желідегі қауіпсіздігі "Кибербуллинг немесе антибуллинг"
09
март
2022

Балалардың желідегі қауіпсіздігі "Кибербуллинг немесе антибуллинг"

Мектеп педагог-психологтары Райханова А.И. мен Абдинова Е.С. бүгінгі күндері ғаламтордың күнделікті өмірмен біте қайнасуы жаңа әлімжеттік ұғымдарын енгізуде, оқушыларға, ата-аналарға, мұғалімдерге түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.  Буллингтің қандай түрлері бар? Қарым-қатынаста – жағымсыз, ерекше мінез-құлық, «азаптаушы» мінез-құлық, қауесеттің таралуы, әлеуметтік оқшаулану (мысалы, кітаптарын, заттарын  жасырып қою, қорқыту әрекеттері).
Физикалық – біреудің мүлкіне зиян келтіру, итеру, аяқпен тебу, қолмен ұру, ұрып-соғу немесе кез келген күш қолдану.
Жыныстық қатынас – қалауынан тыс физикалық байланыс немесе жыныстық қорлайтын пікірлер.
Вербалды – лақап ат қою,  қауесет, мазақтау.
Кибербуллинг – интернеттің барлық саласында, соның ішінде электронды пошталар мен интернеттегі чат арқылы буллинг, мәтіндік хабарлар мен қоңыраулар арқылы мобильді қауіп-қатер, тиісті технологияларды, мысалы, камералар мен видеоларды орынсыз пайдалану.
Экономикалық-материалдық буллинг – бөтеннің мүлкіне зиян келтіру, бопсалау. Мысалы, күш қолдану немесе қорқыту арқылы  әсіресе ақша беру талабы.
Баланың мінез-құлқы оның қорланғанын көрсетуі мүмкін. Ересектер мұндай ықтимал белгілерді білуі қажет және мынадай жағдайларға назар аударғаны жөн. Егер бала:
Мектепке барудан немесе мектептен қайтудан қорқып, мектеп автобусымен немесе қоғамдық автобуспен жүруді қаламай, өзін мектепке апаруды өтінсе;
Өзінің қалыпты күн тәртібін өзгертіп, мектепке барудан бас тартып, сабақтан қашуды бастаса;
Өзін-өзі өлтіруге тырысса немесе өлтірем деп қорқытса, үйден қашса;
Түнімен жылап немесе қорқыныш сезімі болып, таңертең өзін нашар немесе ауру сезінсе;
Мектептегі домтапсырмаларын нашар орындап, үйге жыртылған киіммен немесе бүлінген кітаптармен келеді. Оның басқа заттары бүлінген немесе «із-түссіз жоқ болған». Үйге аш келеді (түскі ас ақшасы ұрланады);
Ақша сұрайды немесе ақшаны ұрлай бастайды (ақша сұраған адамға беру үшін). Ақшаны «жоғалтады»;
Көгерген не кесілген жерлері бар. Агрессивті бола бастайды. Орынсыз әрекеттер жасайды;
Тамақ жеуден бас тартады. Жоғарыда аталғандардың бәріне адам сенгісіз сылтаулар айта бастайды;
Интернет немесе ұялы телефон қолданудан қорқады. Онлайн хабарлама алғанда, мазасыздана бастайды.
Бұл белгілер мен мінез-құлық өзгерістері болғандықтан, қорлануы мүмкін екенін және мінез-құлқын дереу тексеру қажет.
Егер сен кибербуллингке тап болсаң, не істеу керек?
Кибербуллингке тап болған жағдайда сен қорқып, абыржып қалуың мүмкін. Ондай кезде мынадай әрекеттер жаса:
әлеуметтік желіде сол адамды бұғатта әлеуметтік желінің әкімшісіне сен туралы айтылған постқа шағым келтір ондай хабарламалар/посттарға жауап берме, әйтпесе жағдай ушығуы мүмкін осы хабарламаларды/посттарды дәлел ретінде сақтап қой, яғни скриншот жаса бұл жағдайда сені қолдап, не істеу керектігі жөнінде ақыл-кеңес бере алатын ересектерге – ата-анаңа, қамқоршыңа, мұғаліміңе айт 111 жедел желісіне қоңырау шал, біраз уақытқа интернеттен шығып, өзіңе ұнайтын нәрселермен айналыс (велосипед теп, қыдыр, киноға бар).