04
октябрь
2022
"Ұстаздар күніне" арналған спорттық іс-шара
30 қыркүйек күні "Ұстаздар күніне" арналған спорттық іс-шара салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында мектептегі әдістемелік бірлестіктер арасында эстафеталық ойындармен жалғасты. Дене тәрбиесі және спорт әдістемелік бірлестігі түрлі көңілді спорт түрлерін таңдап алып өткізген ойын өте тартысты және қызықты өтілді. Оқушылар "Дублерлер күнін" өткізіп жатқанда ұстаздар бос отырмай бос уақытты тиімді пайдалана білу керектігінің үлгісін көрсете білді. Жарыс қорытындысы бойынша Бас жүлде "Жаратылыс тану" бірлестігіне бұйырды. "Осындай шараларды жиі өткізейікте" деген ұсыныстар түсіп жатты. Мерекелеріңізбен құрметті Ұстаздар!
#тәрбие #26 мектеп