29
апрель
2022
«Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік»
Бұл күн, Қазақстан халқы үшін ең ірі мерекелердің бірі. Еліміздің барлық өңірлерінде дерлік 1 мамыр тойланады. Мақсаты, ел ішіндегі түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттырып, татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды насихаттау.
«Бірлік болмай тірлік болмас» деген атам қазақ. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған.. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерек. Мектебімізде бастауыш сыныптар бірлестіктері де сынып сағаттарын өткізіп, достық, бірлік, ынтымақ, бейбітшілік сөздерінің терең мағаналарын түсінгендей болысты. Мереке құтты болсын Қазақстандықтар, көк туымыздың астында ынымақпен өмір сүрейік. #тәрбие