18
апрель
2022
18-ші сәуір Халықаралық ескерткіштер күні
Бүгін "18-ші сәуір Халықаралық ескерткіштер күні", бұл күн 1984 жылы ЮНЕСКО шешімімен тойланып келеді. Еркін ауылдық округінде "Ұлы Отан соғысында қаза тапқан және қатысқан ардагерлер мемориалға" гүл шоғын қойып, құрмет көрсетілді. Бұл жерде 192 жерлестеріміздің аттары тасқа қашалып жазылған, олардың 91-і ұрыс алаңында қаза тауып, оралмаған. Бұл шараға ауылдық округ маманлары, ауыл ақсақалдары Ізбасқанов Тортай мен Нұрышов Мамай аталар келіп тарихтан біраз сыр бөлісті. Сынып жетекшілері Асқарова Ә., Смагулова Ж., Байсалхан Г., Уркимбаева Г. шәкірттері, мектептің "Өзін өзі басқару ұйымының" "Жасұлан" оқушылар ұйымы мүшелері келді. Талдықорған қаласындағы ескерткіштер туралы толық мәлімет беріліп, ән мен кдомтартуларын көркемдік жетекшілері Болдыбаева Гүлнармен бірге ұсынды.