Ақпарат » Страница 7 » КГУ 'Средняя школа №26 с дошкольным мини-центром в Еркинском сельском округе'
«Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» ММ
«Еркін ауылдық округіндегі мектепке дейінгі шағын орталығы бар №26 орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282)41-11-85
Есепші бөлімі:
+7(7282)25-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
“Мектеп және ата-ана” тақырыбында өзара байланысты нығайту
28
ноябрь
2023
“Мектеп және ата-ана” тақырыбында өзара байланысты нығайту
Еркін ауылдық 26 орта мектепте  “Мектеп және ата-ана” тақырыбында өзара байланысты нығайту, “Бірге ақпараттық науқан” жобасы аясында іс - шара ұйымдастырылды. Мақсаты: барлық азаматтардың өзара сыйластық, тең құқықтылық құндылықтарын ілгерілетуге , қоғамымыздың бірлігі мен мәдениетін сақтау. @zhetysu_bilim @goronotald_ @goroo_tdk @zhetysu_bilim_baskarmasy Видео№1 Видео№2
Ата - аналарды қолдау орталығының  ата аналарымен байланыс  “Білімдегі - дүние жарық” тақырыбында қараша айының сабағы
27
ноябрь
2023
Ата - аналарды қолдау орталығының ата аналарымен байланыс
Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Еркін ауылдық округі 26 орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығы бар коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ҚР Оқу-ағарту министрлігі Ата - аналарды қолдау орталығының жұмыс жоспарына сай 1-4 сынып ата аналарымен “Білімдегі - дүние жарық” тақырыбында қараша айының сабағын өткізді. Сабақ 24- қараша күні ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өтті. Сабақ мақсаты: Баланың жеке басын дамытудағы мектепке бейімделуінің маңызы мен танымдық қабілеттерінің даму деңгейін
Жүлдегер қыздар тобы
25
ноябрь
2023
Жүлдегер қыздар тобы
Ауыл мектептері арасында өткен волейбол жарысынан, мектебіміздің орта буын қыздар тобы, жүлделі ІІІ-орынды иеленді! Жеңістерің құтты болсын қыздар!!!
“Адал ұрпақ” ұйымы мүшелерінің ұйымдастыруымен табиғатты аялау іс-шарасы
24
ноябрь
2023
“Адал ұрпақ” ұйымы мүшелерінің ұйымдастыруымен табиғатты аялау
Еркін ауылдық округі 26 орта мектеп оқушылары 2023 жылдың қараша айында  сыбайлас жемқорлыққа қарсы “Адал ұрпақ” ұйымы мүшелерінің ұйымдастыруымен табиғатты аялау, құрметтеу, тазалықты сақтау  мақсатында мектеп айналасындағы даладағы  құмыра қақпақтарын жинап, тазалап “Атомдар мен молекулалар” жасап, өз шеберліктерін танытты. @zhetysu_bilim @goronotald_ @goroo_tdk @zhetysu_bilim_baskarmasy
Ыстық тамақтың құрамы мен сапасын тексеру барысы.
23
ноябрь
2023
Ыстық тамақтың құрамы мен сапасын тексеру барысы.
Еркін ауылдық округі 26 орта мектепте 23- қараша күні директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Лабилданова жалпыға бірдей білім беру қорынан бөлінетін қаражатқа мектеп оқушыларына берілетін ыстық тамақтың құрамы мен сапасын тексеру барысы. Мектеп оқушыларына асхана мәзіріне сай біріншіге орамжапырақ сорпасы, екіншіге картоп пен котлет, нан, сүт пен ыстық шай берілді. “Ас адамның арқауы”демекші, ұсынылған тамақтар адам ағзасына пайдалы, дәрумегдерге толы. @zhetysu_bilim @goronotald_
“Зорлық зомбылық және қатыгездік” тақырыбында жоспарға сай сынып сағаты 11 сынып
22
ноябрь
2023
“Зорлық зомбылық және қатыгездік” тақырыбында жоспарға сай сынып
22-қараша күні 26 орта мектепте 11 Ә сыныбында “Зорлық зомбылық және қатыгездік” тақырыбында жоспарға сай сынып сағаты өткізілді. Мақсаты: Отбасындағы зорлық зомбылық - агрессияның ең көп тараған және әлеуметтік қауіпті түрлерінің бірі. Біздің қоғамдағы тұрмыстық зорлық - зомбылыққа қарсы күрес  қылмысқа қарсы күрес сияқты маңызды мәселенің бірі екенін түсіндіру, соның алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру болды. @zhetysu_bilim @goronotald_ @goroo_tdk @zhetysu_bilim_baskarmasy
“Қауіпсіз балалық шақ” тақырыбында сынып сағаты
21
ноябрь
2023
“Қауіпсіз балалық шақ” тақырыбында сынып сағаты
21 қараша күні 26 орта мектепте 4в Сынып жетекшісі  Дуанаева Асел  жылдық жоспарға сай  “Қауіпсіз балалық шақ” тақырыбында сынып сағатын өткізді. Мақсаты: кәмелетке  толмаған жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтарын қорғау, құқықбұзушылықтың алдын алу, қоғамдық орындардағы тәртіпті сақтау.
“Қауіпсіз балалық шақ”
21
ноябрь
2023
“Қауіпсіз балалық шақ”
Еркін ауылдық округі 26 орта мектепте 7-сынып оқушылары арасында “Қауіпсіз балалық шақ” тақырыбында балаларға күмәнді адамдар кездескенде, басқа да қауіпті жағдайда өзін қалай ұстап, не істеу керек, өзін қалай ұстау керек екенін айтып түсіндіру жұмыстары жүргізілді. @zhetysu_bilim @goronotald_ @goroo_tdk @zhetysu_bilim_baskarmasy https://www.facebook.com/100023399715297/videos/1691887997985743/
“Парасатты азамат” номинациясының иегері Сабазов Бекзат 10а сынып оқушысы
17
ноябрь
2023
“Парасатты азамат” номинациясының иегері Сабазов Бекзат 10а сынып
26 орта мектеп оқушылары қалалық “Адал ұрпақ” еріктілер клубы жұмысын жандандыру мақсатында сайысқа қатысып “Парасатты азамат” номинациясы иегері болды. Сайыс мақсаты- жас ұрпақ бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен жауапкершілік, патриоттық сезім қалыптастыру. Оқушыларымыз сахналық көрініс, жергілікті тұрғындар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамаларды нығайту, үгіт насихат жүргізу шараларын паш етті. #Адалұрпақ @zhetysu_bilim @goronotald_ @goroo_tdk
«Ұлттық ойын - Асық ату» челленджі
17
ноябрь
2023
«Ұлттық ойын - Асық ату» челленджі
Еркін ауылдық округі 26 орта мектебінде 17- қараша күні «Ұлттық ойын - Асық ату» челленджі  бойынша іс-шара ұйымдастырылып өткізілді. Көш басын 1- сынып оқушылары бастады. Мақсаты: ұлтымыздың негізсіз ұмытылып бара жатқан ойынын жаңғырту, бабаларымыздың ойыны туралы балаларды дәлдікке ,мергендікке ,ептілікке, намысқойлыққа, әділдікке баулу. Ата- Баба ұлтымыздың құндылықтарын дәріптеу, қастерлеу. Челлендж жұмысы әлі де жалғасын тауып, қатарымнан озсам деген талпыныс өз мәресіне аз қалды.