Ұлы Жеңіске 76 жыл! » КГУ 'Средняя школа №26 с дошкольным мини-центром в Еркинском сельском округе'
«Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» ММ
«Еркін ауылдық округіндегі мектепке дейінгі шағын орталығы бар №26 орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282)41-11-85
Есепші бөлімі:
+7(7282)25-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
09
май
2023

Ұлы Жеңіске 76 жыл!

9-мамыр - Ұлы Жеңіс күні. Ұлы Жеңіске 76жыл! Бұл күн-жеңістің жалауы желбіреген, жанқияр ерліктің биік рухының,еңселі елдіктің мерекесі! Қан майданда батыр аталарымыз Отан алдындағы парыз бен намысты алға қойып, елі мен жері үшін , ұрпағының бейбіт өмірі үшін жан аямай күресті. Бүгінгі таңда 76жыл бейбіт ғұмыр кешіп жатқанымыз батыр аталарымыздың арқасы! Мен 26 орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі, атам Рахымбеков Карден Рахымбекұлын еске ала отырып, ұрпақтары атынан алғысымды жеткізгім келеді.
Менің атам Рахымбеков Карден Рахымбекұлы Шығыс Қазақстан облысы, Аякөз ауданы, Тарбағатай ауылының Ұлы Отан соғысы ардагері. 1941жылы соғыс басталғанда менің атам Рахымбеков Карден қос інісі Рахымбеков Асылхан, Рахымбеков Қосылхан, Рахымбек әулетінің үш азаматы майданға аттанды. Атамыз Карден Белоруссия жеріндегі ұрыстарда ерлік көрсетті. Қос інісі хабарсыз кеткендер санатында болды. 2020жылы Жеңістің 75жылдық мерекесі қарсаңында атамыз Рахымбек Асылхан Рахымбекұлы туралы 75жылдан кейін  ресейлік "память народа" соғыс архивтері құжатынан жаңа  деректер таптық. Рахымбеков Асылхан 1918жылы Семей облысы Ақсуат ауданы, Үшарал ауылында туған (қазіргі ШҚО, Аякөз ауданы, Тарбағатай ауылы) 1942ж майданға аттанған. "За оборону Ленинграда"," за отвагу"медальдары құжаттары табылды. 898-атқыштар дивизиясында 374-атқыштар полкінің, бірнеше атқыштар дивизиясының құрамында Севастополь, Сталинград, Ленинград, Польша, Латвия жерлерін азат етуге қатысқан пулеметші болған. 22.10.1944 жылы Рижск қаласына соңғы 8-ші соғыс операциясы кезінде қайтыс болған екен. Жерленген жері Латвия,Лиепайский ауданы, Руцава, Хунбара Лучеверс. "Братское могилада" жерленген. Атамыздың  артында қалған өшпес ерлігін ұрпақтары ұмытпаймыз. Атамыздың ерлігі бізге мұра! Жаны жәннатта болсын!