2022 жылғы 16 наурыздағы «Жаңа қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы » КГУ 'Средняя школа №26 с дошкольным мини-центром в Еркинском сельском округе'
«Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» ММ
«Еркін ауылдық округіндегі мектепке дейінгі шағын орталығы бар №26 орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282)41-11-85
Есепші бөлімі:
+7(7282)25-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2022 жылғы 16 наурыздағы «Жаңа қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы
16
март
2022

2022 жылғы 16 наурыздағы «Жаңа қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Мемлекет басшысы бүгінгі күн жағдайына байланысты түбегейлі шешімдер қабылдады, қаңтар оқиғасына да баға беріп кетті, оқиға кезіндегі кемшіліктер мен қайғылы оқиғаларға тоқталып, кінәлілер жауапсыз қалмайтыны, кінәсіздердің ақталуын өз бақылауында ұстайтындығын ескертті. Жаңа Қазақстан құру жолында көп еңбек керек екені оны халықпен бірлесе шешетіні және Президенттік басқару мен Парламенттік басқару жүйесіне түзетулер енгізіп, оны Конституция арқылы бекітілетіні, ел мен жер байлығы халық мүддесіне қызмет ету керектігі, көп партиялық жүйенің қажеттігі, бүгінгі Жолдаудың ерекше мәні барын және бір жылмен шектелмейтінін айтты. Басқарудың суперпрезиденттік түрінен күшті Парламенті бар президенттік республикаға көшу билік институттарының оңтайлы тепе-теңдігін қамтамасыз етіп, елдің тұрақты дамуына ықпал ететіндігін түсіндірді. "Мәжілістің депутаттық корпусы келесі схема бойынша құрылады: 70% - пропорционалды негізде және 30% - мажоритарлық негізде болатыны, Жаңа аймақтар туралы:
 Семей облысында Абай облысын құру ұсынылып отыр. Семей қаласы жаңа облыстың облыс орталығына айналады.
 Бұрынғы Жезқазған облысының аумағында Ұлытау өңірі құрылады. Жезқазған қаласы қайтадан облыс орталығына айналады.
 Алматы облысы екіге бөлінеді – осы өңірде Жетісу және Алматы облыстары құрылады. Алматы облысының облыс орталығы Қапшағай, ал Жетісу – Талдықорған болуы керек.
 Елбасы Қапшағай қаласының атын Қонаев деп өзгертуді қолдауға дайын."-деген тың жаңалықтармен бөлісті. Білім беру, денсаулық сақтау, туризмді дамыту, ауыл шаруашылығына тың серпіліс беру тағы да сол сияқты көңілге қонымды жаңалықтармен қуантып тастады, көңілімізге Қазақ елінің болашағы жарқын болатынына мол сенім ұялатты. Мектеп ұжымы бүгінгі Жолдау туралы қуаныштарын бір-біріне айтысып, ризашылықпен қабылдауда. Жемқорлық пен авторитарлық жүйе жойылса жарқын болашаққа жол ашық екеніне сенімде екендерін жеткізуде.