Отбасыммен бірге өткізген қуанышты күндерім!
“Еркін ауылдық округіндегі мектепке дейінгі шағын орталығы бар 26 орта мектеп” КММ-сінде Ата-аналар мектебі жобасы аясында: «Отбасыммен бірге өткізген қуанышты күндерім!» тақырыбында 1-4 сынып оқушылары қуанышты күндері мен бөлісті. Отбасыңмен бірге өткізген әр сағатқа, тіпті минутқа қуана білу қажет. Себебі, бүгінгі күн кешегі күндей болмайды ал, ертеңгі күн бүгінгі күндей болмас. Сондықтан, әр күніміз бір ертегі деп бір-бірімізді сыйлап, отбасымызды қадірлейік!