“Код сағаты” жаһандық акциясын өткізу
Еркін ауылдық округіндегі 26 орта мектепте 6 желтоқсан күні мектептің информатика пәнінің мұғалімдері Қабдырахым Сая мен Сейтбаева Назгүл мектеп оқушылары арасында “Код сағаты” жаһандық акциясын өткізуге өз үлестерін қосты. Мақсаты: бағдарламалау негіздері туралы айту, балаларды жасанды интеллектпен қызықтыру және оларды IT және STEM салаларындағы болашақ жетістіктерге шабыттандыру. Оқушылар бағдарламалау кезеңдерінен өтіп, сертификаттар алуға қол жеткізді.