«Бастауышым- бастамам, биіктерге бастаған» онкүндігі
11.02.-22.02.2019 жылы бастауыш сыныптар әдістемелік бірлестігінің «Бастауышым- бастамам, биіктерге бастаған» онкүндігі өтті.
Мақсаты: жаңартылған білім беру мазмұны аясында оқушылардың функционалды сауаттылығын арттыру, сабақта алған білімдерін дамыту. Сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру.
Апталықтың ашылу рәсімі мектеп оқушыларының жиылысында салтанатты түрде ашылып, оқушыларды апталықтың жұмыс жоспарымен, жұмыс кестесімен бірлестік жетекшісі Кашаганова Әлия Қалиясовна таныстырды. Апталықтың бірінші аптасында бастауыш сынып мұғалімдері ашық сабақтарын жоғары деңгейде өткізді. Апталықтың екінші аптасында әр күнге түрлі байқаулар ұйымдастырылды.
1- күн- «Жақсы сөз- жарым ырыс» ықылас күні .
2- күн- «Кітап- білім бұлағы» кітап оқу күні.
3-күн- «Бояулар сыр шертеді» суретшілер көрмесі.
4-күн- «Жазуы көркемнің мінезі көркем» көркем жазушылар көрмесі
5-күн- «Мақал- сөздің мәйегі» мақал- мәтелдер айтысы
6-күн- «Шебердің қолы алтын» қолөнер заттарының көрмесі
7-күн- «Жұмбақтар әлемі»
8-күн- «Ойын ойнап, ән салмай өсер бала бола ма?»
9-күн- «Өлең – сөздің патшасы» мәнерлеп оқу сайысы
10- күн- «Ән айтып, би билейміз» онкүндіктің жабылу салтанаты.
Апталықтың жабылу салтанатында дарынды оқушыларды марапаттаумен аяқталды.