10
август
2024
Абай Құнанбайұлының туғанына 179 жыл
Бүгін, 10 тамыз – қазақтың ұлы ақыны, ойшылы Абай Құнанбайұлының туғанына 179 жыл толды
Абай 1845 жылы Семей облысында дүниеге келген. Ұлы ақынның шығармашылығы мен тұлғасы күні бүгінге дейін ұлттық болмысымыздың символы.
Ғылымды іздеп,
Дүниені көздеп,
Екі жаққа үңілдім.
Құлағын салмас,
Тіліңді алмас,
Көп наданнан түңілдім.
Екі кеме құйрығын
Ұста, жетсін бұйрығың.
Жартасқа бардым,
Күнде айғай салдым,
Онан да шықты жаңғырық.
Естісем үнін,
Білсем деп жөнін,
Көп іздедім қаңғырып.
Баяғы жартас – бір жартас,
Қаңқ етер, түкті байқамас.
Абай жазба әдебиеті қалыптаспаған ортадан шықса да, 170-тен аса өлең, 56 аударма, 45 «қара сөз» жазды. Жай жазбады. Түбірін, тамырын, ішкі сырын һәм қадір-қасиетін қармай жазды. Тұманға кірген қазаққа сәуле, адасқан жұртқа бағыт болды. Тек әдебиетте ғана емес, жалпы ұлттың қалыптасу жолында үлкен қызмет атқарды.
Құрметпен, Зияткер-Білім мектебі