"Қызылша" туралы не білесің?
Алматы облыстық білім басқармасының 28.01.2019 жылғы №42-42/489/208 жылғы хаты негізінде «Талдықорған қалалық білім бөлімі»ММ-нің 29.01.2019 жылғы №89-14-76 хаттарын негізге ала отырып №26 ОМ-де 29-31.01.2019 ж. аралығында мектептің медициналық қызметкері Ә.Ғ. Қожахметова барлық сыныптар бойынша «Қызылша» ауруының жұқпалы екендігі, оның алдын алу шаралары туралы арнайы бейнеролик көрсетіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бұл шара сәнып сағаттарында қолға алынып, сынып жетекшілері сақтық шараларының алдын алу жұмыстарын жалғастырып,«Қызылша» ауруы туралы диктант жазғызды. Ауа райының бір жылып, бір суып тұруы осы аурудың қозуына қолайлы болып келетіні айтылып, таза жүру, жылы киіну, көпшілік жиналатын орталарға мүмкіндіктерінше бармау кеңестері берілді.