24
январь
2019
"ЕНТ-ға психологиялық дайындық сабағы"
24.01.2019 жылы мектеп психологы А. Дуанаева ұйымдастыруымен 11 сынып оқушыларымен "ЕНТ-ға психологиялық дайындық сабағы" өткізілді. Сабақтың мақсаты: Мектеп бітіруші түлектердің тестке кірер алдындағы қорқыныш сезімдерінің алдын-алу. Оқушылардың ЕНТ-ге сенімділікпен дайындалуын, стресс жағдайларын жеңе білулерін қамтамассыз ету. Сыныптағы қарым-қатынасты қалыптастыру, нығайту.
Тренингтің барысында:
- "Сәлемдесу" жаттығуы;
- "Өрмекші торы" жаттығуы;
- "менің жарқын үміттерім, қауіп-қатерім" жаттығуы;
- "Жартастан өту" жаттығуы;
- "Ашулы шарлар" жаттығуы;
- "Өз жұлдызыңды тап" жаттығуы;
- "Джунглидегі жаңбыр" жаттығуы;
- "Сиқырлы қобдиша" жаттығуы;
- "Тоғай" жаттығуы. Қорытынды: түлектер бір -біріңнің қолынан ұстап, жоғары көтеріп, біркелкі хормен "БІЗ ЕНТ-ҒА СЕНІММЕН БАРАМЫЗ!" деп аяқтады.