03
апрель
2023
"Мектеп жасындағы балалар қауіпсіздігі"
Мектеп қабырғасынан бастау алатын "Сыбайлас жемқорлықпен күрес" бүгінде "Мектеп жасындағы балалар қауіпсіздігі" мәселесімен бірдей маңыздылыққа ие. Биылғы оқу жылындағы жаңа құрам педагог-ұйымдастырушы М.Ж.Базаргельдының жетекшілігімен жұмыс атқаруда.
«Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының негізгі міндеттері
- мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту бойынша бастамаларды көтермелеу
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы іс-шараларды ұйымдастыру болып табылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім секциясы дәрістерді, «дөңгелек үстелдерді» және басқа да ағартушылық іс-шараларды ұйымдастыруға қатысады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпарат және шығармашылық секциясы үздік бейнероликтер, суреттер, шығармалар байқаулары мен іс-шараларын ұйымдастыруға қатысады.
Мәдени-бұқаралық іс-шаралар секциясы акциялар, флэш-мобтарды, диалог алаңдар, қоғамдық, ардагерлер ұйымдарының, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдерімен кездесулер және басқа да әлеуметтік-маңызды іс-шараларды ұйымдастыруға қатысады.
2022-2023 оқу жылында «Біз жемқорлыққа қарсымыз!» тақырыбында 1-4 сынып оқушылары арасында суреттер байқауы өтті. Мектептің кітапханасында «Парасатты азамат» бұрышы көрмесі ұйымдастырылды. Салауатты өмір салтын насихаттаумен бірге оқушыларға сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, профилактикалық жұмыстарын насихаттау бойынша 8-11 сыныптар «Жемқорлық індет оны жою бізге міндет» тақырыбында жиналыс өтіліп, қаңтар айында «Өз құқығыңды білесің бе?» сауалнама алынды. 2023 жылдың желтоқсан айында 10-сынып оқушыларымен «Жемқорлықпен қалай күресеміз» тақырыбында тарих пәнінің мұғалімі Думан Қошқарбаевтің жетекшілігімен пікір-сайыс өткізіліп, онда «Тәртіпсіздікке нөлдік шыдамдылық» мәдениетін қоғамда қалыптастырудың неліктен маңызды екендігі туралы ойларын ортаға салды. Алдағы күндері «Жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында 8-10 сынып оқушылары арасында жоспарға сәйкес бейнероликтер жоспарлануда. Мектеп еріктілер клубы қараша айында өткен «АДАЛ ҰРПАҚ-2022» ерікті мектеп клубтарының қалалық байқауында 2 орын иеленіп, марапатталды.