07
апрель
2023
"Түнгі қала" рейді
Сәуірдің 7-сі күні Жетісу облысы білім басқармасының жоспарына сәйкес облыс деңгейінде "Түнгі қала" атты рейд өтілді. Талдықорған қаласы мектептерінің тәрбие орынбасарлары, педагог ұйымдастырушылары, ер мұғалімдері және қалалық ювиналдық полиция бірлесе рейдке қатысушылар қала бойынша "Кәмелетке толмағандар есебінде" тұрған балалар отбасы мен "Қолайсыз отбасы" үйлерін аралап тұрмыстарымен танысып, кешкі мезгілде олардың бос уақытын қалай өткізіп отырғанын көріп шықты және де қаладағы компьютерлік лубтарда, түнгі ойын-сауық орындарында мектеп жасындағы балалардың сағат түнгі 22.00-ден кейін ата-аналарынсыз болмауын, қала көшелерінде қыдырып жүрмеуі тексерілді, бұл шара "Кәмелетке толмағандардың қылмыстық іске қатыспауы мен оның алдын алу" мақсатында ұйымдастырылды.