«Тәуелсіздік – тұғырым менің!» атты ашық тәрбие сағаты » КГУ 'Средняя школа №26 с дошкольным мини-центром в Еркинском сельском округе'
«Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» ММ
«Еркін ауылдық округіндегі мектепке дейінгі шағын орталығы бар №26 орта мектеп»
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(7282)41-11-85
Бухгалтерия
+7(7282)25-11-37
Версия для
слабовидящих
» » «Тәуелсіздік – тұғырым менің!» атты ашық тәрбие сағаты
14
декабрь
2022

«Тәуелсіздік – тұғырым менің!» атты ашық тәрбие сағаты

Мектебімізде  "Балалар жылы" аясында "Тәуелсіздік күні" қарсаңында түрлі іс шаралар жоспарлы түрде өтілуде, 7-ші сынып жетекшілері Бимұрзаева А., Мұратбекова Н. Жетібаева А. мәжіліс залында  «Тәуелсіздік – тұғырым менің!» атты ашық тәрбие сағатын өткізді.
Мақсаты:
- Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата - бабаларымыздың ерлігін паш ету, оқушыларға желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға - апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету.
- Оқушылардың туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту.
- Елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу.
Тәрбие сабағы барысында, 1986 жылы 16 - желтоқсанда таңертең, Алматыда жаппай толқу басталу себебі, жастар алаңға жиналуы, жастардың «Біз қазақ, ежелден еркіндік аңсаған», «Әрбір ұлтты өз көсемі басқарсын», «Тәуелсіздік керек»,- деген ұрандар Үкіметке қойған талабы, оларға  Алматы гарнизонын жауынгерлік дайындыққа келтіріп, көп күшпен алаңдағы жастарды қоршап алуы, қысым көрсетілуі, жастарға  «Бұзақылар», «Ұлтшылдар», «Нашақорлар»,- деген кінә тағылуы, көптеген студент жастар түрмеге қамалып, оқу орнынан шығарылғандығы. Тәуелсіздік жолында Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сәбира тағы басқалары сияқты қазақ жастары желтоқсан оқиғасы кезінде қайсарлықпен ерлік көрсетіп құрбан болғандар туралы айтылды. Тәуелсіздік күнінің  Қазақ халқы үшін алатын орны ерекше екендігіне тоқталып, құрмет көрсетіліп, батырлар ерлігі мадақталды.
#тәрбие №26 ОМ