17
февраль
2022
"Ауғанстанда өздерінің интернационалистік борышын абыроймен атқарған ағаларға" құрмет
Әр адамның Отанына деген сүйіспеншілік сезімі, алтын діңгек-отбасынан бастау алып, мектепте ұстаздарының берген тәрбиесі арқылы шыңдалады. Отбасында ата-анасынан бастап, өзі жүрген ортасын, араласатын жолдастарын, жерлес-ауылдастарын құрметтеп қастерлеуді біліп түсінеді. Отан - ұлы ұғым, ал патриоттық тәрбие - кез келген мемлекеттің тұрақтылығын сақтайтын, қамалын қорғайтын алтын діңгек. Мектебіміз жұмыс бастағалы бері 7 жылға жуық уақыт болыпты, сол алғашқы күннен бастап осы патриоттық тәрбиеге аса мән берудеміз. Биыл да "Ауғанстанда өздерінің интернационалистік борышын абыроймен атқарған ағаларға" құрмет көрсетіп, оларды мектепке шақырып, естеліктерін тыңдап, кездесу өткізу дәстүрлі түрде өткізілді. Биылғы қонақтар Ауған ардагерлері Айнеков М.С. мен Омаров А.Ж. ағалар.
Кездесу дөңгелек стол түрінде, еркін отырып сұхбат құру, ойда жүрген сұрақтарға жауап алу, өз ойларын ортаға салу арқылы жүргізілді. Кеш соңында биылғы жылы 15-16 толған оқушыларға "Есепке тіркеу" кітапшаларын табыстаумен жалғасты. АӘД пәні жетекшісі Букенбаев Әлішер, осылай өз жұмысымен оқушыларға әскери-патриоттық тәрбие беруде. Іске сәт, демекпіз!