"Кіріктірілген сабақ - метапәндік білім беру негізі" тақырыбында
Бүгін, яғни 26 сәуір күні №26 орта мектебінде "Кіріктірілген сабақ - метапәндік білім беру негізі" тақырыбында мектеп директорларының облыстық семинары болып өтті. Негізгі мақсаты мектептегі желілік қауымдастық жұмысты таныстыру, метапәндік білім берудің оқушының уәжін оятудағы тиімділіктерін тәжірибе алмасу түрінде көрсету. Кіріктірілген математика-физика-география, математика - биология, тарих-қазақ тілі - ағылшын тілі, математика -ағылшын тілі т.б. сабақтар жоғарғы деңгейде көрсетілді.